Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!

Ш. Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты 2023 жылғы 31 қазанда”Трансформация көшпелі қоғамды жаңғырту кезеңдерінің бірі ретінде (Бөкей хандығы қазақтарының мысалында)” тақырыбында методологиялық семинар өткізеді.
Семинар тақырыбы ішкі жəне сыртқы себептері бар қазақтардың көшпелі қоғамының трансформациясына əсер еткен негізгі факторларды қарастыруға бағытталған. Біртұтас Қазақ хандығының ыдырауы барысында қалыптасқан күрделі жағдай жекелеген ру билеушілері алауыздығының артуымен тұспа-тұс келген сыртқы саяси сəтсіздіктерге алып келді. Шаруашылық жүргізу əдістері мен тəсілдері өзгеріске ұшырады. Осылардың барлығы Қазақ хандығының құлдырауына ықпал етті.
Күшті хан билігінің əлсіреуі, болашақта атағының жойылуы ру ақсүйектері рөлінің артуына жол ашты. Көші-қон шекаралардың табиғи түрде қысқаруы жанжалдардың, жайылымдық жерлерді басқару құқығы үшін қақтығыстардың өсуіне əкелді. Ру билеушілерінің шекара басшылығына жазбаша өтініштерінен XVIII ғасырда барымтаның күрт өскендігін байқауға болады. Мұның өзі сұлтандар мен хандар арасындағы күресті одан əрі шиеленістерді. Ресей патшалығының қазақ даласына əскери ілгерілеуінің бастапқы кезеңінде дəл осы хандар мен сұлтандар империялық саясаттың нысанына айналды.
Методологиялық семинар мақсаты: Бөкей хандығының трансформациялану үрдісінжəне жаңғырту нəтижелерін анықтау, оны қайта қалпына келтірудегі болжамды кең пікір-таласқа ұсыну.
Міндеттері: қазақ қоғамындағы трансформациялану үрдісінің басталу себептерін айқындау; қоғамды жаңғырту кезеңдерін анықтау; архив деректері негізінде Жəңгір ханның Бөкей ордасындағы рөліне баға беру; Жəңгір ханның «прогрессивті» саясатының сəтсіздікке ұшырау себептерін көрсету.

Ұйымдастыру комитеті