Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА БӨКЕЙ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ МЕН ЖАҢҒЫРУЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР


2023 жылдың 31 қазанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Трансформация көшпелі қоғамды жаңғырту кезеңдерінің бірі ретінде (Бөкей хандығы қазақтарының мысалында)» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Әдістемелік семинардың мақсаты – Бөкей хандығының қайта құру тенденциялары мен модернизациясының нәтижелерін айқындау және хандық тарихына қатысты кеңінен пікірталас құру. Семинар модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор О.Х. Мухатова болды.

Жобаның міндеті – модернизациялық трансформацияның басталу себептерін ашу, Жәңгір ханның Бөкей Ордасындағы рөлін мұрағат деректеріне сүйене отырып бағалау,  ханның «прогрессивті» саясатының сәтсіздікке ұшырау себептерін көрсету.

Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ғалия Шотанова баяндамасының басында «трансформация» және «модернизация» терминдеріне анықтама берді. Одан кейін Бөкей хандығының пайда болуы, оның құрылу себептері мен хандықтың аумағы туралы айтты. Баяндама авторының айтуынша, Бөкей хандығын Ресей империясының билігі  Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы аумақта 1801 жылы жерде құрған. Хандық құрамына Қазақстанның қазіргі Батыс Қазақстан және Атырау облыстары аудандарының бір бөлігі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Астрахань және Волгоград облыстары кірді. Хандықтың пайда болуының тағы бір себебі 1771 жылы Еділ бойы қалмақтарының Қытайға қоныс аударуынан бұл жерлердің бос қалуы, жайылым шекараларының қысқаруы және 18 ғасырда барымтаның бұрын-соңды болмаған өсуі еді. Жәңгір хан билеген дәуір хандықтың  өрлеу  кезеңі, дейді тарихшы. Оны тарихшы ислам дінінің күшеюі, тауар-ақша қатынастарының енуі сияқты фактілермен дәлелдейді. Сонымен қатар хан өз қол астындағылардың білім алуына, еуропалық мәдениет пен білімнің енгізілуіне, ислам дінінің дамуына баса көңіл бөлді.

Сонымен бірге автор трансформацияның кері әсері де болғанын айтады. Бұл жерде баяндамашы Шотанова Жәңгірдің отаршыл билікке қатты тәуелділігін, оның ең алдымен Бөкей иелігінен тыс жерлерге көшіп-қонуға тыйым салуынан көрінетінін атап өтті.

Шара соңында тарихнама, деректану және заманауи әдістеме бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Зәмзәгүл Байжұманова, семинар модераторы, бас ғылыми маман Оразгүл Мұхатова және т.б. тақырыпты ғылыми тұрғыда талқылады.