2 қараша 2023 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетімен әріптестік жөнінде келісімге қол жеткізді. Келісімшартқа қол қоюға Өзбекстан тарапынан университеттің халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Раиса Хакимовна Ширинова, антропология және этнология кафедрасының жетекшісі Акбар Давурбаевич Бабабеков ал Қазақстан тарапынан директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Ақсұңқар Тұрсынқызы Абдулина мен ғылыми қызметкер кезінде Малика Темирхановна Морякова қатысты. Алдағы уақытта аталған мекемелер арасында магистранттары мен докторанттарын өзара ғылыми тәжірибеден өткізу мен тарих және этнология мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жоспарлануда.