Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 18.01.14.- 07.02.14.


18.01.14. «Вечерний Алматы» газетінің №9-10 санына Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор С.Ф. Мажитовтың Елбасы жолдауына байланысты «Единое будущее» атты мақаласы жарияланды.  

22.01.14. «Костанайские новости» газетіне Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК С.Ә. Асанованың «Историю пишут аксакалы» атты мақаласы жарық көрді.

23.01.14. «Литер» газетінің №10 (2407) санына Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор С.Ф. Мажитов Елбасы жолдауына орай «Каждый в ответе» атты сұхбаты жарияланды.

24.01.14. Т. Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің №7(6944) санына Институт қызметкерлері З.М. Төленова мен Г.Ж. Өскембаеваның экспедициялық іс-сапарлары және редакция алқасы ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге қатысқандығы жөнінде «Тарихшылар экспедицияға шықты» тақырыбында ақпарат жарияланды.

29.01.14. «Айқын» газетінің №14 (2408) санына Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлованың «Мәңгілік елге айналу үшін тарихымызды түзеу керек» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.

31.01.14. Институттың кезекті Ғылыми Кеңес отырысы болып өтті: 1.Көптомдық бойынша (2012-2013 жж.) есеп беру сызбасы туралы; 2. «Мәңгі ел» журналына мақала даярлау жөнінде; 3. 2014 ж. арналған ҒЗЖ гранттық және мақсаттық-бағдарламалық тақырыптардың күнтізбелік жоспарын бекіту жөнінде; 4. «Қазақстан тарихы» веб-порталы бөлімдерін толықтыру мақсатында материалдар жинақтау бойынша экспедиция нәтижелері; 5. 2013 ж. арналған заң қызметі жөніндегі есебі. Сонымен қатар, Қ.С. Алдажұманов, А.С. Уалтаева және А.П. Ермұхамедованың шетелдердегі ғылыми іс-сапарлары жөніндегі есебі тыңдалды.

01.02.14. «Ордабасы оттары» қоғамдық-саяси апталық газетіне Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері А.А. Оралованың «Ордабасыдағы этно-тарихи зерттеу» тақырыбында мақаласы жарияланды.

05.02.14. Институт қызметкерлері т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов, т.ғ.д. В.З.  Ғалиев, т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаева Елбасының биылғы Жолдауына байланысты Алматы тарихы мұражайында өткізілген дөңгелек үстелге қатысып, баяндама жасады. 

07.02.14. Институтта (2014 ж. 17 қаңтар) Елбасы Жолдауына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов баяндама («Мәңгілік Ел» стратегиясы және бүгінгі тарих ғылымының міндеттері»), ал басқа да институт қызметкерлері ғылыми хабарлама жасады. Директордың орынбасары, т.ғ.к., Н.Ә. Атығаев  («Вопросы развития науки и образования в Послании Президента Республики Казахстан»); т.ғ.д. В.З.  Галиев («Проблемы новой истории – важнейший духовный ресурс народа»); Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик («Программа конкретных практических дел исторической науки Казахстана нового времени»); Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. З.М. Төленова («Ұлт келешегі – білім және ғылым»); Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаева («Казахстан и ОЭСР: сотрудничество в области образования и науки»). В работе круглого стола приняли участие сотрудники института.