Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ АҚШ ҒАЛЫМДАРЫМЕН ЖӘНЕ KAZGOR ЖОБАЛАУ АКАДЕМИЯСЫӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ


9 қараша 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Этнология және антропология бөлімінің қызметкерлері HGA компаниясының өкілдері, АҚШ-тық ғалымдар Адахеид Местад және PhD Джейк Калбертсонмен кездесті. Жиынға сонымен бірге KAZGOR жобалау академиясы аудармашысы Серік Сейфуллин мен аталмыш мекеме сәулетшісі Есенгелді Күзембаев қатысты.

Қонақтардың келудегі мақсаты АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы ғимаратының құрылысына байланысты қазақ халқының мәдениеті мен сәулетімен танысу. Бөлімнің бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Серік Ескендірұлы Әжіғали Ұлы даланың ат-көшпелі өркениетімен байланысты қазақ мәдениетінің негізгі белгілері мен нышандары –  киіз үй, құлпытас (қазақтың мемориалдық стеласы, құлпытас), домбыра, шежіре, жылқыға,  қысқаша тоқталды. Сонымен бірге кеңестік кезеңдегі қалалардың сәулетіне ұлттық нақышты енгізе білген М. Мендикулов, Т. Басенов, Б. Ибраев, С. Нарынов сынды қазақ сәулетшілерінің есімдерін атады. Оның пікірінше, тәуелсіздік кезеңінде технократиялық батыстық стиль басым, сәулетшілер сәулет пен ою-өрнектің дәстүрлі негіздеріне аз көңіл бөледі. С.Әжіғали қонақтарға сәулетші ғалым Л.О.Тұрғанбаеваның қазақ сәулет өнерінің тарихына қатысты еңбектерімен танысуға кеңес берді.

Бас ғылыми қызметкер, т. ғ.д., доцент, этнограф Ахмет Уалханұлы Тоқтабай американдық әріптестерінің назарын жылқы өсіру мәдениетіне аударып, Америка Құрама Штаттары Бас консулдығының жаңа ғимаратын жобалауда жылқы шаруашылығының нышандарын пайдалануды ұсынды.

Директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары А.Т. Абдулина консулдықтың қабырғаларын безендіруде өз жұмыстарында қазақтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін суреттейтін суретшілер – А.Қастеев, Н.Хлудов, Қ.Қаржасов, А.Әбілқайырдың картиналарын пайдалануды ұсынды. Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясы, Т.Жүргенев атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы сынды оқу орындарында этникалық   сәулет өнерін зерртейтін мамандармен кеңесуді ұсынды.

Жетекші ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Г. Орынбаева, ғылыми қызметкерлер, магистрлер Н. Досымбетов, Б. Әшім және т.б. қатысқан бөлім қызметкерлері көпұлтты Қазақстанның қазіргі мәдениетінің тенденциялары туралы қонақтардың сұрақтарына жауап беріп, халықтың 70%-дан астамын құрайтын негізгі этнос – қазақтардың мәдениетіне назар аударуды сұрады.

Кездесу соңында Этнология және антропология бөлімі қызметкерлері HGA мамандарына елшіліктің жаңа ғимаратын салу кезінде дәстүрлі қазақ элементтерін пайдалану бойынша кеңес беру жалғасатынын жеткізді.