Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Хабарландыру


«Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» ШЖҚ РМК, Тарихи демография және Қазақстан Халқы Ассамблеясы бөлімі, Жаңа дәуірдегі Қазақстан бөлімі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қатысуымен Философия докторы PhD дәрежесін алуға арналған Қуаныш Мәдиұлы Мурзаходжаевтың 6D020300 – «Тарих» мамандығы бойынша, «Қазақстандағы жәдидтердің мәдени-ағартушылық қызметі (ХІХ ғ.аяғы – ХХ ғ. басы)» атты докторлық диссертацияны қорғау алды талқылау үшін кеңейтілген отырыс өткізеді.

Талқылау 2023 жылғы 23 қараша күні, сағат 15.00-де «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының» мәжіліс залында өткізіледі. Алматы қ., Құрманғазы көш., №29. Қорғау алды талқылау отырысы аралас форматта Zoom платформасында (сәйкестендіру нөмірі 896 639 21352, кіру коды 429 729) жүргізіледі.