ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
Құрметті әріптестер!
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2023 жылғы 5 желтоқсанда «Қазақстандағы халық санағын зерттеудің жаңа әдістері» тақырыбында методологиялық семинар өткізеді. Методологиялық семинардың мақсаты– санақ материалдарының халық санын анықтаудағы негізгі деректігін көрсету.
Халық санағы халықтың белгілі бір уақыттағы фотосы іспеттес. Ол ел халқының санын білу үшін ғана емес, санақтар арасында болған тарихи өзгерістерді сараптап, демографиялық ахуалды анықтау үшін керек. Санақтың мақсаты – демографиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейде статистикалық деректерге деген пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Санақтың міндеті – уақыттың белгілі кезеңіне халықтың нақты сипаттамалары туралы ақпаратты жинау, әзірлеу және тарату болып табылады.
Халық санағының деректері мемлекеттік органдар мен басқа қолданушылар үшін Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарын және бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады. Мысалы, халықтың жастық-жыныстық құрамына қатысты мәліметтер, мысалы, мектеп жасына дейінгі тобының динамикасы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы халық тобының медициналық көмек алуына, білім беру саласындағы мекемелерге, т.б. қатысты сұраныстарын анықтауға дерек болады. Ол өз кезегінде құрылыс ісінің жүргізілу қарқынына, соған сәйкес мамандықтарға деген ықтимал сұраныстарды болжауға мүмкіндік береді. Немесе, зейнет жасындағы халық бөлігінің сандық динамикасы әлеуметтік қамсыздандыру ісінің осы бөлігіне қатысты жұмысына бағдарламалар даярлауда қолданылады, зейнеткерлікке қатысты мәселелерді шешуде, халықтың қартаю үрдісінің қарқынын нақтылауда, т.т. пайдаланылады. Бұны жалғастыра беруге болады. Ең бастысы, сапалы санақ мәліметтері елдегі демографиялық ахуалды сараптау, өзгерістерді анықтау және соған сәйкес мемлекеттік бағдарламаларды жасау мен жүзеге асыру үшін де қажет.
Сондықтан осындай маңызды тақырыпты зерделеуге арналған методологиялық семинарымызға қызығушылық танытқан ғалымдарды, мамандарды, докторанттар мен магистранттарды, студенттерді қатысып пікір білдіруге шақырамыз.
Методологиялық семинардың уақыты: 05.12.2023 ж., сағат 11.00.
Зум идентификаторы: 896 4883 8012.
Зум коды: 738305.
Ұйымдастыру комитеті