Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қ.М. Мурзаходжаевтың докторлық диссертациясының қорғау алды талқылауы сәтті өтті


2023 ж. 23-қарашада Әдебиет және өнер институтының мәжіліс залында Философия докторы PhD дәрежесін алуға арналған Қуаныш Мәдиұлы Мурзаходжаевтың 6D020300 – «Тарих» мамандығы бойынша, «Қазақстандағы жәдидтердің мәдени-ағартушылық қызметі (ХІХ ғ.аяғы – ХХ ғ. басы)» атты докторлық диссертацияны қорғау алды талқылау үшін кеңейтілген отырыс өткен болатын. Бұл жиынға Ш.Ш. УӘлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері (Мұхатова О.Х., Садвокасова З.Т., Курманалина Н.Н., Уалтаева А.С., Оразов Р.Е., Сауырқан Е., Нұрманова А., Торайғыров Е.М., Жүнісова Б.Н. және т.б.) қатысты. Сонымен қатар ресми рецензенттер: Тарих және этнология институтынан ­– Шашаев Ә.Қ. және ҚазҰУ Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасынан – Абикенова Г.Е., докторанттың отандық ғылыми жетекшісі – Төлебаева Ж.М. және Абай атындағы ҚазҰПУ өкілі ретінде – Нұрман Ш.Т. қатысты. ZOOM платформасы арқылы ҚазҰУ Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының басшысы – Құдайбергенова Р.Е. және осы тақырыпқа қызығушылық танытқан қатысушылар қосылды. Қорғау алды талқылаудың модераторлары: директордың орынбасары Тлеубаев Ш.Б. мен Тарихи демография және ҚХА бөлімінің басшысы Әпендиев Т.Ә.

Жиынға қатысушылар ізденуші Қ.М. Мурзаходжаевтың зерттеу жұмысын бірауыздан қабылдап, табыстар мен жеңістер тілеп, қорғауға ұсынды.