Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ғылыми мақалаларды импакт-факторлы журналдарға жариялау жөнінде семинар


11 ақпанда ҚазЕӘҚА мен ынтымақтастық келісім бойынша  Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми мақалаларды импакт-факторлы журналдарға жариялау жөнінде семинар өткізілді. Семинарды ҚазЕӘҚА ғылым бөлімінің басшысы,  PhD (саясаттану)  Смағұлов Қадыржан Есенғалиұлы және Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д., доцент Жакишева Сәуле Әукенқызы өткізді.

Семинар барысында ғылыми мақалаларды жариялаудың негізгі талаптарымен таныстырылып, тыңдаушыларға басылымдарда ғылыми зерттеу жұмыстарын жариялауға ұсыну жолдары мен тетіктерін (ғылыми журналды таңдау, мақала жазудың әдіс-тәсілдері, мақала тақырыбын таңдауы, фактілердің негізділігі, өзіндік ой-тұжырымдарын нақтылы ғылыми тұрғыда пікір талас туғыза алатындай болуы керек) көрсетті.

Семинардың соңына қарай қатысушылар өз тараптарынан жолдаған сұрақтарына жан-жақты жауап алды.