Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ТАРИХ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ХІ НҮСІПБЕКОВ ОҚУЛАРЫ


2023 жылдың 7 желтоқсанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ХІ Нүсіпбеков оқулары аясында «Кеңестік кезеңдегі Қазақстан: тарихы, жеке тұлғалары, өзекті мәселелері (1917-1991 жж.)» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді.

Конференция жұмысына көптеген мамандар мен сарапшылар қатысты. Олардың ішінде көрнекті ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, академик А. Нүсіпбековтың туыстары мен жерлестері де болды.

Республикалық конференцияға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы, «Академик Ақай Нүсіпбековтың өмірі мен ғылыми мұрасы» атты тақырыбымен, Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор-зерттеушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор,ҚР ҰҒА-ның академигі Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы «ОГПУ органдары ұйымдастырған «Алаш ісі жөнінде»» атты тақырыбымен, Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор-зерттеушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор,ҚР ҰҒА-ның академигі Әбжанов Хангелді Махмұтұлы «Академик Ақай Нүсіпбеков және қазақ жұмысшы табының тарихы» атты тақырыбымен, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы «Академик Ақай Нүсіпбеков және профессор Бекежан Сүлейменовтың тағдыры» атты тақырыбымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедраның профессоры, тарих ғылымдарының докторы Құндақбаева Жанат Бекқызы «Ақай Нүсіпбековтің Қазақстандағы кеңестік мемлекеттілікті қазіргі заманғы теориялар тұрғысынан зерттеуге қосқан үлесі» атты тақырыбымен баяндама жасады.

Сонымен қатар конференцияда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, саясат ғылымдарының докторы, профессор Борбасов Сайын Молдағалиұлы, Институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхатова Оразгүл Хасенқызы, Институтының этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Орынбаева Гүлмира Үсенбайқызы, Институтының ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қапаева Айжан Тоқанқызы, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Әлем тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлы, Институтының ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Асанова Салтанат Әмірғалиқызы, Институтының, ХХ ғасыр Қазақстан тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Дюсенова Нұрсұлу Кенебайқызы, Қазақ қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылым және өнер институтының оқытушысы Әлібеков Саят Берікұлы, Институтының, ХХ ғасыр Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, PhD Закарья Рахметолла, Институтының  докторанты Доскараева Айжан Асхатқызы, Ақай Нүсіпбеков атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы Зере Талғат, Академик Ақай Нүсіпбековтың қызы Нүсіпбекова Мәкен Ақайқызы баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылар академик А. Нүсіпбековтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметіне, ғылыми мұрасына, оның отандық тарих ғылымының қалыптасуындағы ұйымдастырушылық рөлі мен қосқан үлесіне байланысты кең көлемді мәселелерді қарастырды.

Сондай-ақ конференцияда кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын зерттеудің методологиялық ұстанымдары, академиялық тарих ғылымының қалыптасу белестері мен даму ерекшеліктері, саяси репрессиялар мен аштықтың тарихын, Кеңестік Қазақстандағы ғылым және мәдениеті, 1960-1980 жж. қарсылық қозғалыстары,  Кеңестік кезеңдегі жеке тұлғалар, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы  және т.б. талқыланды.

Конференция барысында екі томдық «Алаш ісі 1920–1930 жж. ОГПУ жүргізген жасанды ісінің құжаттары мен материалдары» кітаптарының таныстырылымы, «Очерки по истории традиционной структуры казахов в первые советские десятилетия» атты ұжымдық монографияның таныстырылымы, «Государственная, общественная и научно-педагогическая деятельность Смағула Садуакасова» атты құжаттар жинағының таныстырылымы өтті.

Конференция барысында Институттың жас ғалымдары PhD Құрманалина Н.Н., Марғұлан А., Тылахметова А.С., т.ғ.к., Рыскулов Т.А., А.Нүсіпбеков атындағы стипендиялардың иегерлері атанды. Стипендияларды А. Нүсіпбековтың туысқандары Нүсіпбеков Сүйіндік Ақайұлы мен Нүсіпбекова Несібелі Есенқызы табыстады.

Конференция жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Конференцияға қатысушылар іс-шараны даярлау мен өткізудегі еңбектері үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Конференцияда төмендегідей қарар қабылданды:

1. Отандық тарих ғылымының теориялық-методологиялық және өзекті мәселелерін кеңінен талқылап, жас ғалымдардың кәсіби біліктілігін шыңдай түсу мақсатында республикалық ғылыми-тәжірибелік «Нүсіпбеков оқуларын» жыл сайын өткізу жалғастырылсын.

2. Академик Ақай Нүсіпбековтың қоғамдық-саяси және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін, ғылыми мұрасын зерттеу бағыты тақырып ретінде докторанттар мен магистранттарға ұсынылсын.

3. Кеңестік Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму мәселелері пәнаралық және жаңа методологиялық көзқарастар мен ұстанымдар тұрғысынан кең түрде қарастырылсын.

4. 1920-1991 жж. Кеңестік Қазақстандағы ғылым және мәдениеті, 1960-1980 жж. қарсылық қозғалыстары,  Кеңестік кезеңдегі жеке тұлғалар, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы  тарихының өзекті мәселелерін зерттеудің аясы кеңейтілсін.