Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

З.Е. ҚАБЫЛДИНОВҚА ПОЛЬША МҰРАЖАЙЫ ТАРАПЫНАН «ДРУГ МУЗЕЯ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША СТАТУЭТКА ТАБЫС ЕТІЛДІ


2023 жылдың 28 қарашасында Белосток қаласында (Польша) орналасқан Сібір естелік мұражайында «Друг музея» номинациясы бойынша марапаттау салтанаты өтті. Соңғы бес жыл бойы өткізіліп келе жатқан шарада музей ісі мен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан көрнекті тұлғаларға алғыс белгісі ретінде статуэтка табысталды.

Осы номинация лауреаттарының бірі ретінде Қазақстанға күштеп жер аударылған поляктар тарихы туралы ғылыми білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов танылды. Профессор З.Е. Қабылдинов Қазақстан-Польша тарихи комиссиясы төрағаларының бірі ретінде Қазақстан мен Польша арасындағы соңғы жылдардағы достық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге өз үлесін қосты.