Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ 

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі 2023 ж. 22 желтоқсанында «Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихындағы саяси элита өкілдерінің қоғамдағы орны мен рөліне баға берудегі жаңа ұстанымдар» тақырыбында методсеминар өткізеді.

Қазақстанның өткенінде өзге елдер секілді тұлғалардың, саяси билеушілердің, билер мен батырлардың  рөлі зор. Кеңестік кезеңде таптық көзқарас бойынша тұлғалардың рөлі барынша жоққа шығарылып, тарихты тұлғасыздандыру үрдісі қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу жолында қызмет еткен тарихи және саяси тұлғалардың өмірі мен қызметіне деген қызығушылық артып, олардың қоғамдағы орны мен рөліне баға беру талаптары туды. Қазақ қоғамындағы хандар, сұлтандар және билер мен батырлардың өмірі мен қызметі зерделене бастады. Соңғы уақыттарда ғалымдар мен зерттеушілер осы бағытта зерттеулер жүргізіп келеді.

Методсеминардың мақсаты – жас ғалымдар арасында бүгінгі отандық тарих ғылымында қалыптасқан теориялық мәселелер мен методологиялық бағыттар туралы тұжырымдар мен пайымдаулар туралы ақпарат беру және өзара пікір алмасу.

Методсеминар жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:

1. Қазақстандағы XVIII-XIX ғғ. Тұлғалар рөлін зерттеудегі теориялық мәселелер;

2. Жаңа замандағы Қазақстан тарихындағы саяси элита өкілдерінің рөліне баға берудегі жаңа ұстанымдар;

3. Батырлардың дәстүрлі қоғамдағы орны мен рөлін зерттеудің методологиялық негіздері.

Методсеминарға ғалымдар мен жас зерттеушілер, докторанттар мен магистранттар шақырылады. 

Методсеминардың басталуы: 2023 жылғы 22 желтоқсан, сағат 10.00.

Жұмыс форматы: Zoom бағдарламасы базасында онлайн-конференция: https://us02web.zoom.us/j/88570567277?pwd=N3ZtSklubXMxa3FydHFCcFlMa0VoZz09

Zoom идентификаторы: 885 7056 7277

Zoom коды: 977381

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: ҚР, Алматы қ., Құрманғазы к-сі., 29,  М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының конференц-залы, 2-қабат.