Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2024 жылдың 5сәуірінде Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұралары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Жошы ұлысы протоқазақ мемлекеті ретінде Дешті Қыпшақ аймағын қамтып, қазіргі қазақ халқының құрамындағы рулар мен тайпалардың басын бір мемлекетке біріктірді. Жошы ханның ұрпақтары өз алдына тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалап, негізін салды. Жошы ұлысы тәуелсіз мемлекетке айналып, қазақ осы мемлекеттік құрылым аясында ұлт болып ұйыса бастады.

Биыл Жошы ханның таққа отырғанына 800 жыл толады. Жошы – Керей мен Жәнібек хандардың ғана емес, жалпы қазақ хандарының түп атасы екендігі белгілі. Сондықтан да Жошы Ұлысының 800 жылдық мерейтойын лайықты дәрежеде атап өту маңызды әрі абыройлы іс.

Конференция мақсаты – Жошы Ұлысының тарихын, оның Қазақ мемлекеттілігімен тарихи сабақтастығы мәселелерін жаңа көзқарастар мен методологиялық ұстанымдар тұрғысынан зерделеу. Жошы Ұлысын зерттеуде жекелеген тарихи тұлғалар, тарихи оқиғалар мен үдерістер, Қазақ хандығымен рухани-мәдени және саяси-тарихи сабақтастық қаншалықты зерделенді деген сұрақтарға жауап іздеу.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Жошы Ұлысы тарихына қатысты жаңа деректерді зерделеу;
  • Жошы Ұлысы тарихына қатысты жаңа көзқарастар және методологиялық ұстанымдар;
  • Қазақстан тарихын зерттеудегі соңғы тарихнамалық және деректанулық жетістіктер;
  • Жошы Ұлысындағы  тарихи тұлғалардың орны мен  қызметі;
  • Алтын Орда мен Қазақ хандығының сабақтастығы мәселелері;
  • Қазақ хандығы тарихын  зерттеудің өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысуға тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамы, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, докторанттар, жас ғалымдар шақырылады.

Мекен-жайы: 050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28.

Басталуы: 05.04.2024 ж., сағат 10.00.

Зум идентификаторы: 818 9499 8293.

Коды: 800845.

Басқа қалалардағы баяндамашылар конференцияға сырттай қатысуына болады. Конференция жинағын ПДФ форматында шығару және электрондық поштаға жіберу қарастырылған.

Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарының жинағын конференция алдында жариялауды жоспарлап отыр. Конференция бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына қатысушының тіркеу формасын ұсыну қажет (қосымшаны қараңыз).  Жариялауға мұқият тексерілген және редакцияланған мәтіндер қабылданады.

Қатысу шарттары

Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар қатаң түрде мынадай талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 5 беттен кем емес және 16 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файлдың аты және jpeg форматындағы суреттердің жеке файлдары автордың тегімен аталуы тиіс.

1. Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және Windows ортасында терілуі керек.

2. Беттер пішімі: А4.

3. Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.

4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық интервал – бір.

6. Қызыл жол шегінісі: 1,0 см.

7. Ортасында кіші әріптермен (қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні.

8. Төменде: автор мен оның ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда), лауазымы жұмыс істейтін мекеменің толық атауы берілген.

9. Автордың аты-жөнінен төмен ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРПІМЕН) баяндаманың атауы көрсетіледі.

10. Азат жол мен бір интервалдан кейін тікелей баяндама (мақала) материалы болады.

11. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] или [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек.

12. Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болып, Windows ортасында терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контраст пен кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа ие болуы тиіс. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы тиіс. Кестелер көрнекі болып, олардың атауы, сериялық нөмірлері болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жерге қойылады.

13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).

14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен рәсімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕ бөліміне жатқызылып, жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтінде жол сілтемелерін қоюға болмайды.

Егер мақалада ЕСКЕРТПЕЛЕР де, ӘДЕБИЕТТЕР (ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР) ТІЗІМІ де болса, алдымен ЕСКЕРТПЕЛЕР қойылады.

15. Белгілерді біріздендіру: тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т.б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (шыңдаусыз), немесе XV ғ. соны – XVI ғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

16. Табуляция жасауға, сөздерді сиректетіп теруге, автоматты режимде орындалатын командаларды қолдануға, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

17. Файлдың атауы автордың тегімен аталады (мәтіндік файлдар үшін – Омаров_өтініш.doc, Омаров_мақала.doc; иллюстрациялар үшін – Омаров_сурет 1.jpeg).

Редакциялық алқа рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы (төмеңде үлгіні қараңыз).

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Жеңіс Ж.Ж., т.ғ.к.
Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты,
Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан мен іргелес елдер тарихы  бөлімінің меңгерушісі  

ШЫҢҒЫС ХАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ  

Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні  

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:
1 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17.
2  …..

Тіркеу нысаны және баяндама (мақала) материалдары2024 жылдың 2 сәуірінен кешіктірілмей қабылданады.

Іс-сапар шығындары

Жол жүруге және тұруға байланысты шығындар іссапарға жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Баяндамаларды келесі мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

E-mail: zhozhengis@gmail.com.

ТЭИ байланыс телефондары: тел./факс 8 (727) 261-67-19.

Байланысушы тұлғалар

(ғылыми-ұйымдастыру мәселелерді шешу үшін)

Бекенова Алма – институттың ғылыми қызметкері; E-mail: bek.alma_81@mail.ru; тел.: +7 705 7752393.

Қосымша

Тіркеу нысаны (қазақ немесе орыс тілінде)

ер  □                              әйел  □

1Тегі 
2Аты 
3Әкесінің аты 
4Ғылыми дәрежесі, қызметі  
5Мекеме (ғылыми мекеменің, ЖОО-ның және т.б. атауы, оның мекен-жайы) 
6E-mail 
7Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен) 
8Баяндама атау 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті