Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ НЕГІЗІНДЕ «ПОЛЬША – ҚАЗАҚСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ.


2024 жылдың 19 қаңтарында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының базасында екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Польша – Қазақстан» халықаралық ғылыми кеңесі құрылды. Осы мақсатқа жету үшін Ғылыми кеңес жүйелі түрлендіру мәселелерімен айналысатын сарапшылар тобын құрды, олар Қазақстан мен Польшаның ұлттық ғылыми орталықтарымен, сондай-ақ шетелдік орталықтармен ғылыми талқылаулар/конференциялар, сараптамалық семинарлар және басқа да ынтымақтастық нысандарын ұйымдастыратын болады. Ғылыми кеңестің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Польшада ғана емес, күллі Орталық Азияда беделге ие ғылыми база құру.

Ғылыми кеңес құрамына Польша тарапынан 10 тарихшы- ғалым кірді, олардың ішінде Лодзь университеті, Познаньдағы Адам Мицкевич университеті, Ягеллон университеті және т.б. сияқты оқу орындарының профессорлары болды. Делегацияға профессор Йозеф Тимановский басшылық ететін болады. Ал біздің мемлекеттен бұл Кеңесте 11 ғалым бар. Қазақстандық топтың төрағасы болып тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов тағайындалды.

Кездесу барысында Польша Сыртқы істер министрі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры Зиябек Ермұханұлына «Bene Merito» құрмет белгісін табыс етті. Әртүрлі географиялық аймақтарда орналасқан, әртүрлі саяси, экономикалық және әскери құрылымдарға жататын екі мемлекеттің ынтымақтастығы қалыптасқан жаңа білімдер негізінде мемлекеттер арасындағы тұрақтылық, қауіпсіздік және дамудың негізгі тірегіне айналатынын атап өткен жөн. Кездесуге қатысушылар Қазақстанның Польша мен Еуропалық Одақтың жалпы Орталық Азия аймағындағы маңызды серіктесі екеніне ерекше тоқталды.