Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 10-16.02.2014


11.02.14. Институтта Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы Ғылыми бөлімінің саясаттану ғылымдарының Phd докторанты, жас ғалым Қ.Е. Смағұлов пен Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің ЖҒК, т.ғ.д., доц. С.Ә. Жәкішева импакт факторлы журналдарға ғылыми мақала жариялаудың негізгі талаптары мен жазу технологиялары жөнінде семинар өткізді.

12.02.14. «Ғылым Ордасы» РМҚК Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы–2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына орай өткізілген дөңгелек үстел жұмысына институт қызметкерлері т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаева, А.А. Оралова, Д. Жайлыбаев, Қ. Мұрзаходжаев қатысты.

13.02.14. Директордың орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова, этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доц. З.М. Төленова «Білім және Мәдениет» телеарнасындағы «Ғылыми кеңес» бағдарламасына қатысып, 2013 ж. қараша-желтоқсан және 2014 ж. қаңтар айларында жүргізілген этно-тарихи экспедициялары барысы мен қорытындылары жөнінде ой бөлісті.

13.02.14. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доц. З.М. Төленова «Білім және Мәдениет» телеарнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасында «Ұрпағын тек деп өсірген халықпыз» тақырыбында сөйледі.

13.02.14. Елбасы Жолдауына орай (2014 ж. 17 қаңтар) Институттың Жас ғалымдар кеңесі дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысы барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы, т.ғ.к., доц. Г.Б. Қозғанбаева («Мәңгілік ел»: елдің бірлігі, болашағы») мен Институттың ғылыми қызметкері А.Д. Арепова («Мәңгілік ел» идеясы – болашаққа бастар бағдар») ғылыми баяндама оқыды. Институттың жас ғалымдары мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранттары қатысып, ғылыми хабарлар жасады.