Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚЫРҒЫЗСТАНДЫҚ АКАДЕМИК ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


3 сәуір күні Қырғызстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры, Айтматов академиясының президенті, фил.ғ.д., профессор А. Акматалиев бастаған ғалымдар институтымызға келіп кездесу өткізді.

Алатаудың арғы бетінен келген бауырлас ағайындармен кездесуге институттың директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі З.Е.Қабылдинов, аға сарапшысы, т.ғ.к., Ә. Қ. Шашаев, ғалым хатшы, PhD, Н. Құрманалина және жетекші ғылыми қызметкер т.ғ.к., Ж. Ошан мен Р. Оразов бастаған бір топ тарихшылар қатысты.

Кездесу кезінде жазушы, қоғам қайраткері Ш.Айтматов туралы Қазақстандық деректер мен естеліктер және өз уақытында Айтматовпен тығыз байланыста болған Қазақстандық қоғам қайраткерлері мен жазушы, тарихшылар туралы талқыланды. Сонымен бірге, Ш. Айтматов зеттеулері аясында Қазақстандық білікті тарихшы ғалымдармен біріге отырып архивтік құжаттар негізінде жұмыс жасау туралы да айтылды.

Бұдан өзге, институтымыз тарапынан шыққан қомақты зерттеу еңбектері мен монографияларды таныстыра отырып, алыстан келген қонақтарға тарту етілді. Кездесуді қорытындылай келе тараптар, кезеңдер бойынша қазақ-қырғыз тарихына қатысты мәселелерді зерттеп ортақ жобаларды бірігіп атқару туралы құнды ұсыныстарын ортаға салды.