Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 17-23.02.2014


18.02.14. Институтта «Қазақстан тарихы» порталы: ғылыми және білім беру веб-контентін жүйелеудің тұжырымдамасы және тәжірибесі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Аталмыш іс-шараға ҚР Президенті жанындағы орталық байланыс қызметі, «Қазақстан тарихы» жобасының веб-порталы жетекшісі, «Казконтент» АҚ Д.Р. Есдәулетов, ҚР БҒМ ҒК ғылыми-техникалық саясат басқармасының бас сарапшысы С. Мырзақұлов, «Қазақстан тарихы» веб-порталының бас редакторы, «Қазақстан тарихы» веб-порталының бас редакторы С. Қапенов қатысты. Институт директоры Х.М. Әбжанов модератор қызметін атқарды. Институт қызметкерлері т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов, т.ғ.к., доц. З.К. Ноғаева, т.ғ.к., доц. З.М. Төленова, т.ғ.к. А.Т. Абдулина, т.ғ.к. Г. Орынбаева ғылыми баяндамаларын жасады.

19.02.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Х.М. Әбжанов Астана қ. өткізілген «Алаш зиялылары еңбектеріндегі Отан тарихы мен этнологияның өзекті мәселелері» атты семинарда «Алаш партиясы өкілдерінің еңбектеріндегі этнографиялық сюжеттер» тақырыбында баяндама жасады.

19.02.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Х.М. Әбжанов Астана қ. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен ҚР Мемлекеттік хатшысының 826-18 ПАБ тапсырмасы 1.2-тармағына сәйкес «Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы», «Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы», «Ғылыми-сарапшылық кеңес» мүшелерінің қатысуымен этносаралық тақырып бойынша ағымдағы зерттеу жобаларының орындаушылары үшін тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу мәселесі жөнінде әдістемелік кеңес отырысына қатысты.

21.02.14. «Президент және халық» газетінің №8 (442) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. К.Қ. Нұрымбетованың «Жолдау – өркендеуіміздің басты бағыты» тақырыбында мақаласы жарияланды.

«Қазақ тарихы» журналының №1 (124) санына ҚР ҰҒА академигі М.Х. Асылбековтың «Жаңа дерек жаңа тұжырымдарға жол ашады» тақырыбында мақаласы жарыққа шықты.