2024 жылдың 3 сәуірінде ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитеті Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты, ҚР Президентінің архиві, Философия, Саясаттану жəне дінтану институтының бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «АКАДЕМИК Қ.И. СƏТБАЕВ ФЕНОМЕНІ ЖƏНЕ ХХ Ғ. ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМ: ҚАЗІРГІ ҰСТАНЫМДАР МЕН ПƏНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді.
Конференцияға белгілі шет ел ғалымдары, отандық тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен жас ғалымдар қатысты. Конференция жұмысы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлының кіріспе сөзімен ашылды. Алдымен конференция жұмысына арнайы құттықтау сөз сөйлегендер: Торайғыров университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры – Садықов Еркін Тоқмұхамедұлы; Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының Президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик – Акматалиев Абдылдажан Амантұрұлы; Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы мемориалдық музейі бөлімінің басшысы – Айтмухамбетова Бахытжамал Ахметгалиқызы т.б. болды.
Пленарлық отырыс барысында баяндама жасағандар: Тәжікстан Республикасы ҒА-ның А. Дониш атындағы Тарих, археология және этнография институты, Жаңа тарих бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к., доцент (Тәжікстан) – Гафуров Абдулло Мутиллоевич «Вклад академика К.И. Сатпаева в развитие геологической науки Таджикистана» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндамада Тәжікстан ғалымдарының геология саласына қосқан үлесі, соның ішінде Қ.И. Сәтбаевтың геология саласындағы жетістіктеріне тоқталды. Келесі баяндамашы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы, т.ғ.д., профессор – Оразбаева Алтайы Иранбекқызы «Тұлғатану заманауи зерттеу стратегиясы ретінде (академик Қ. Сәтбаев тұлғасы мысалында)» тақырыбында жасаған баяндамасында кәсіби қазақ ғылымының іргетасын қалаушы, ұлтымыздың тұңғыш академигіның, ғылыми мұрасы отандық ғалымдарымыздың әлі де талай буын өкіліне рухани азық боларын айта келе, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев әлемінің, заманауи зерттеу стратегиялары шеңберінде жаңаша бағаланып, пәнаралық деңгейдегі тұлғатану парадигмасы, тарих философиясы тұрғысынан терең де ауқымды талдауды талап етері даусыз екенін ортаға салды. Ресей Ғылым Академиясының Ресей тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессоры – Аманжолова Дина Ахметжановна «Персонификация истории: исследовательские практики и подходы» баяндамасында Қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың ел дамуына қосқан ғылымдағы елеулі еңбегін және тағы басқада мәселелерді тілге тиек етті. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті – Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы «Академик Қ.И. Сәтбаев – әлемге әйгілі ғалым және Қазақстан ғылымының ірі ұйымдастырушысы» туралы баяндамасын слайд түрінде көрсетіп, ғалымның өмірі мен қызметіне тоқтала келе, отандық тарих ғылымындағы тұлғатанудың кейбір мәселелері мен маңыздылығына талдау жасады.
Келесі ғалымдар: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор – Абдиров Мұрат Жеткергенұлы «Черное золото» Казахстана: к 125-летию зарождения нефтяной промышленности страны (проекция истории на современность); Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы – т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі «Қ. Сәтбаев және Отан тарихы»; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы – Садықов Тілеген Садықұлы (Астана қ., Қазақстан) «Қ.И. Сәтбаев Жезқазған өнеркәсібінің болашағы хақында»; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор – Мұхатова Оразгүл Хасенқызы «Қ.И. Сәтбаев өмір сүрген тарихи кезең»; Абай атындағы ҚазҰПУ, филос. ғ.д., профессор – Қабаева Жұлдыз Әбдікәрімқызы «К вопросу о начале подготовки научных кадров»; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор – Капаева Айжан Тоқанқызы «Роль академика К.И. Сатпаева в становлении и развитии науки в Казахстане»; Философия, саясаттану және дінтану институты, филос. ғ.д., профессор – Нұрмұратов Серік Есентайұлы «Қоғамның қайта пішімделуі кезеңіндегі тұлға феноменін зерделеу»; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент –Черепанов Константин Владимирович «Два академика: К.И. Сатпаев и Д.А. Кунаев; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университетінің құрметті профессоры, т.ғ.к. – Бимақанова Зылыйха Шахметқызы «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – өмірі мен ғылыми зерттеу кезеңіне қатысты тұжырымдамалар» тақырыптарында жасалған баяндамаларында Қаныш Сәтбаевтың ел дамуына қосқан ғылымдағы елеулі еңбегіне, халық жадында аңыз болып сақталған оның адамгершілік қасиеттері мен кісілік келбетіне, Ғылым Академиясының іргетасын қалаудағы елеулі еңбегіне, тұлғатану мәселесіндегі тарихи, философиялық зерттеулерге талдау жасап, өз пікірлерін ортаға салды.