Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АЛАТАУДАН ТАУЛЫ ҚАРАБАҚҚА САПАР


2024 жылғы 19-20 сәуір аралығында Әзірбайжан Республикасы Ғылым Академиясы Тарих және этнология институтының ұйымдастырған «Кавказ Албаниясының этноархеологиясы, жазба деректері мен тарихи ескерткіштері» атты халықаралық конференциясына институтымыздың директоры, профессор З.Е. Қабылдинов  және директордың орынбасары, т.ғ.к. Жеңіс Жомарт қатысудың сәті түсті.

19 сәуір күні қатысушы шет елдік қонақтарды Таулы Қарабақ өлкесіне алып барып, ол жердегі тарихи ескерткіштермен, жерлермен және соңғы кездердегі өзгерістермен таныстырды.

20 күнгі конференцияда Кавказ Албаниясының тарихи мұраларына қатысты Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Польша, Литва, Италия, Франция, Оңтүстік Корея тб елдердің ғалымдары  баяндамалар жасады.

Пленарлық мәжілісте сөз алған профессор З.Е. Қабылдинов Әзірбайжан-Қазақ ғылыми байланыстарына тоқталып, болашақта атқарылатын біріккен жобалар тақырыбына қатысты нақты ұсыныстар айтты. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары басып шығарған кітаптар мен жинақтарды таныстырып, табыс етті.

Жеңіс Жомарт, т.ғ.к., «Кавказ Албаниясындағы шатырлы храмдар мен түркілердің дәстүрлі дүниетанымы» атты баяндама жасап, түркі көшпенділерінің дүниетанымының Кавказдың тарихи ескерткіштеріне әсері туралы айтты.

Жалпы, конференция табысты және өзара пайдалы ғылыми іс шара болды. Әзірбайжан ғалымдарымен олардың қорларында сақтаулы ортағасырлық араб-парсы, грузин, сефеви жазбаларындағы Қазақ хандығына қатысты деректерді жинақтау туралы келісілді.