Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 24.02. – 02.03.2014


24.02.14. ҚР РМК  «Ғылым ордасында» ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.А. Коржованың Елбасының халыққа жолдауын жүзеге асыру мақсатында ғылым саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті. Аталмыш іс-шараға Институттың аға ғылыми қызметкерлері т.ғ.к., доц. З.М. Төленова мен т.ғ.к., доц. Г.Ж. Өскембаева қатысты.

25.02.14. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доц. Г.Ж. Өскембаева мен Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова «Білім және Мәдениет» телеарнасына «Жүз ауыл», «Жүз қария», «Ұлттық ою-өрнек», «Шежіре» жобалары бойынша ұйымдастырылған ғылыми экспедиция барысы мен қорытындылары жөнінде сұхбат берді.

25.02.14. Институтта Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен («Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының 25 жылдығына орай) «Невада-Семей»: тарихы мен тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел институт директоры Х.М. Әбжанов модераторлығымен өтті. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О Смағұлова («Семей полигоны құрбандарын әлеуметтік қорғау»), т.ғ.к., доц. Қ.С. Алдажұманов «Семей ядролық сынақ полигонының құрылу тарихы» тақырыбында баяндама оқып, т.ғ.к., доц. С.Ә. Асанова «Невада-Семей қозғалысы – халықтық және парламенттік дипломатияның ықпалдастығының ерекше көрінісі», т.ғ.к., доц. Г.Ж. Өскембаева «Қазіргі заман тарихындағы Семей (КСРО) және Невада (АҚШ) сынақ полигондарының тарихи ұқсастықтары» тақырыбында ғылыми хабарлар жасады. 

26.02.14. Алматы қ. №4 кітапханада Елбасының биылғы Жолдауына байланысты «Қазақстан-2050»: Мәңгілік елдің кемел келешегі» атты дөңгелек үстел өткізіп, оның жұмыс барысына Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Қ.К. Қожаханова («Тәуелсіз Қазақ елінің мәңгілігі – болашақ үшін»), Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаева («Казахстан и ОЭС: перспективы двухсторенного сотрудничества»),  Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов («Елбасы Жолдауы – жастардың назарында») қатысып, баяндама жасады.

26.02.14. «KazNews» ақпараттық сайтына Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ҒК А.Д. Арепованың «Тарихшылар жүз ауылды аралап, жүз қариямен жүздесті» тақырыбында мақаласы жарияланды.

27.02.14. Институтта кезекті ғылыми кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1) Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылау; 2) 2014 ж. арналған ұжымдық келісім-шартты бекіту; 3) БАҚ жоспарын бекіту; 4) ТЭИ-ның 2013 ж. және 2014 ж. арналған баспа («Отан тарихы» журналы) қызметі жөніндегі есебі; 5) Түрлі мәселелер.

28.02.14.  Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., проф. А.У. Тоқтабай, Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доц. Г.Ж. Өскембаева Парламент депутаты В.В. Жириновскийдің мәлімдемесіне байланысты «Түркістан» газеті ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге қатысып, пікір білдірді.

28.02.14.  Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д., проф. В.З. Галиев, Ежелгі және ортағасырлар тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д. З. Қинаятұлы, Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., проф. А.У. Тоқтабай Түркия Республикасының «ТРТ» телеарнасына «Түріктер» атты документалды фильміне ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі түркілер тарихы жөнінде сұхбат берді.

01.03.14. Алматы облысы Есік қ. гуманитарлық-экономикалық колледжінде ҚР БҒМ, Н.Ә. Назарбаев қоры және ҚР Кіші ғылым академиясы ұйымдастыруымен ХХІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. «Этнопедагогика» секциясында Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., проф. А.У. Тоқтабай төрағалық етсе, «Тарих» секциясында Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒК, т.ғ.к., А.С. Уалтаева баға беріп отырды.