Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жиылыс өтті


13 наурызда тарихи терминологиялық сөздік құрастыру  мәселесіне байланысты институт директоры Х.М. Әбжанов, институт қызметкерлері С.О. Смағұлова, С.Ә. Асанова, Г.Ү. Орынбаева, А.Ә. Жүнісбаев, Р. Көбеев, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік құрастыру орталығының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Құсайынов және осы орталықтың ғылыми қызметкері Г. Құланшиева қатысқан жиылыс өтті. Жиылыс барысында жаңадан жасалып жатқан тарихи терминологиялық сөздікке археологиялық, этнографиялық, тарихи жаңа терминдерді енгізу мәселесі  қаралып, сөздік жасаудың күнтізбелік жоспары жасалды.