Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 17.03 – 23.03.2014


18-21.03.14. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова (Туркия Республикасы) Нийде университетінде (М. Қашқари ат. Ұйғыр-Қытай ғылыми-зерттеу орталығы) мен ҚазМемҚызПУ және М. Акмулла ат. Башқұрт Мемлекеттік педагогикалық университеті өзара бірлесіп өткізген Түркі әлемі мәдениеті мен тарихын зерттеуге арналған І Халықаралық симпозиумға қатысып, «Қазақстандағы ашаршылық қасіреті: себептері мен салдарлары, тарихи талдау (ХХ ғ. 20-30 жж.)» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

20.03.14. «Түркістан» газетінің №11 (1026) санына Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. А.У. Тоқтабайдың «Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында мақаласы жарияланды.

21.03.14. «Президент және халық» газетінің №13-14 (447-448) санына Институт пен «Президент және халық» республикалық қоғамдық-саяси газеті бірлесіп өткізген «Дала уәлаяты» газеті және Қазақстан тарихы» тақырыбындағы дөңгелек үстелдегі Институт ғалымдарының ғылыми баяндамалары мен хабарлары жарияланды.

21.03.14. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова «Алматы» теларнасына Шығыстағы Наурыз мейрамының тарихы жөнінде сұхбат берді.

Деректану, тарихнама және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазиновтың «Современные технотронные источники: информационный анализ исторических гипертекстов» (Алматы: «Елтаным баспасы», 2014. – 348 б.) атты монографиясы жарық көрді.

Жаңа жаман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұловтың «Найманбай батыр және оның ұрпақтары (біртұтас әулет тарихы жөнінде)» (Алматы: «DK Print», 2014. – 248 б.) атты кітабы жарыққа шықты.

Деректану, тарихнама және заманауи методология бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаеваның «Методологические вопросы истории в советской историографии (60-80-е годы ХХ в.)» (Алматы: «Елтаным баспасы», 2014. – 160 б.) атты монографиясы жарыққа шықты.