Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 24.03 – 30.03.2014


27.03.14. Институтта «Қазақстан тарихындағы кезеңдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында кезекті методологиялық семинар болып өтті. Негізгі баяндаманы Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері –  т.ғ.д. З. Қинаятұлы, бөлім меңгерушісі, т.ғ.к. Қ.З. Өскенбай жасады. Сонымен бірге, т.ғ.к., доцент Ә. Дәулетхан, Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали Қазақстан тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

29-30.14. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова 29-30 наурыз аралығында Самара аймағы қазақтарының ұйымдастыруымен Самара облысының Кинель-Черкасск ауданында өткізілген Наурыз мейрамына қатысты және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Самара қаласында Ресей Федерациясы қазақтарына Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты ұйымдастырған дөңгелек үстелде үйлестіруші (модератор) болды.

 

30.03.14. «КазТВ» телеарнасы «Әлем көшпенділері» айдарында Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д. З. Қинаятұлы туралы хабар түсірілді.

Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаеваның Қазақстан тарихы веб-порталына «Kazakhstan and the OECD: prospects for cooperation in the field of Education and Science (Message of the President of Kazakhstan – 2014).» тақырыбында мақаласы жарияланды.

http://e-history.kz/en/expert/view/73