Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 31.03.- 06.04.2014


01.04.14. Институтта Жас ғалымдар Кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыс барысында 2014 ж. мамыр айындағы Жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

03.04.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі Х.М. Әбжанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультеті ұйымдастыруымен өткізілген «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында «Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері «Фараби оқулары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Қазақ елі – ұлттық идеяның мәйегі» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Сонымен бірге, Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д. З. Қинаятұлы «Мәңгі ел» ұлттық идея бола алады ма», ал Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов «Цифровые источники: вопросы и презентации документального наследия современной истории» тақырыбында баяндамаларын жасады.

03.04.14. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов, Р.Е. Оразов, Н.Ы. Жетпісбай Абай атындағы ҚазҰПУ-дың М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Алаштың аталығы Нияз батыр» атты тарихи-танымдық дәріске қатысты.

05.04.14. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор А.У. Тоқтабай «СТВ» телеарнасында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» бағдарламасында қазақ жылқысы туралы сұхбат берді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығы мен А.Қ. Қалыштың 60 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Дәстүрлі және қазіргі Қазақстан этнологиясы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы материалдары жинағына Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Г.Н. Ксенжиктің «Культура казахской диаспоры и народов Монголии» тақырыбында ғылыми мақаласы жарық көрді.