Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 07-13.04.2014 ж.


08.04.14. Институтта кезекті Ғылыми кеңес отырысы болып өтті. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: 1) «Қазақстан тарихы» көптомдығын жазу жұмыстары бойынша ҚР БАҚ және шетелде талқылау; 2) 2013 ж. 5 маусымдағы ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы тобының №03-5.17 хаттамасының бөлімшесін орындау жұмыстары туралы; 3) ТМД елдері, Еуропа, Америка, Азия елдеріндегі ғылыми орталықтардың қатысуымен «Отан тарихы» онтомдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен дөңгелек үстелді ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары туралы;  4) 2013 ж. ТЭИ қаржылық-шаруашылық есебі; 5) Түрлі мәселелер.

08.04.14. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің КҒК З.Б. Байжұманованың Қазақстан тарихы веб-порталына Елбасының биылғы Жолдауына байланысты «Мәңгілік ел идеясы – қазақ елінің кемел болашағы» тақырыбында мақаласы жарияланды.

10.04.14. Институтта Ғылым күніне орай «Қазақстан ғылымы және «Мәңгілік Ел» тақырыбында мерзімді баспасөз өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Х.М. Әбжанов модератор міндетін атқарды. Дөңгелек үстел жұмысы барысында т.ғ.к. З.К. Ноғаева, т.ғ.д., А.И. Құдайбергенова, «Ақиқат» журналының редакциялық алқа мүшесі О. Қауғабай, Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов, т.ғ.к. Қ.З. Өскенбай, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов ғылыми баяндамаларын жасады.

10.04.14. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлованың Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шақыруымен Ресейдегі Самара облысына іс-сапары жөнінде «Алматы ақшамы» газетінің №41 санына «Самараға сапар» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

11.04.14. «Айқын» газетінің №62 (2456) санына Институтта болып өткен «Қазақстан ғылымы және «Мәңгілік Ел» тақырыбында мерзімді баспасөз өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел жұмысы мен барысы, қорытындылары жөнінде «Ғылым – мәңгілік құндылық» тақырыбында мақала жарияланды.

 

11.04.14. «Президент және халық» газетінің №17 санына Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлованың Самара қазақтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрі жайында сыр шертетін «Самарадан ескен сағыныш» атты мақаласы жарыққа шықты.

11.04.14. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің аға лаборанты Л.Қ. Үкібаеваның ҚР Ұлттық ғылыми порталына Ғылым күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстан ғылымы және «Мәңгілік Ел» атты дөңгелек үстелдегі баяндама жасаған Институт ғалымдарының ой-пікірлерін саралап, «Қазақстанның болашағы – ғылымда» атты ақпараттық мақаласы жарияланды.

12.04.14. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.