Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Н.А. Дубованың дәрістері


РҒА ЭАИ этникалық экология секторының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы Н.А. Дубова «Антропология және оның тарихи зерттеулер жүргізудегі мүмкіндіктері» және «Әлем халықтарының антропологиялық түр ерекшеліктері» тақырыбында дәріс өткізді.

Антропология ғылымының мәні, терминнің шығу төркіні, зерттеу пәні, уақыт пен кеңістікке байланысты әлеуметтік және биологиялық факторлар әсерінен өзгеру себептері, антропологияның басқа да ғылым салаларымен, атап айтқанда, археология, этнография және лингвистика сынды ғылым салаларымен байланысы, антрополгияның түрлері: биологиялық (адамның басқа да тіршілік көздерімен өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктері) және биологиялық емес (адамның рухани және психикалық дүниесі), ғылымдағы «Анучиндік үштік» теориясының мәні мен мазмұны, антропологиялық материалдың тарихи дерек ретіндегі маңызы, антропологиялық деректердің кемшілігі мәселелері төңірегінде ғылыми ой-тұжырымдарын саралап, ғылыми көпшілік назарына ұсынды.

Зерттеуші «Әлем халықтарының антропологиялық түр ерекшеліктері» мәселесінде, «нәсіл» – биологиялық белгілері қан арқылы берілетін адамзат қауымдастығының біртұтас жүйесі ретінде қарастырып, географиялық аймақ пен табиғи орта байланысты екендігін түсіндіріп. Сонымен бірге, адамзат нәсілінің классификациялануы, нәсілдердің тіршілік ету жағдайлары, Орта Азия халықтарының антропологиялық құрамы және этногенезі, Алдыңғы Азиядағы ежелгі краниологиялық типтері мәселелеріне тоқталды.

Дәріс барысында Институт қызметкерлері антропология ғылымының өзекті мәселелері мен жаңа идеялары, бүгінгі таңдағы отандық және ресейлік антропология ғылымының даму жағдайымен танысып, осы мәселе төңірегінде ғалымға сауалдар қойды.