Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 14-20.04.2014 ж.


15-16.04.14. Институтта РҒА ЭАИ этникалық экология секторының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы Н.А. Дубова «Антропология және оның тарихи зерттеулер жүргізудегі мүмкіндіктері» және «Әлем халықтарының антропологиялық түр ерекшеліктері» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында Институт қызметкерлері антропология ғылымының өзекті мәселелері мен жаңа идеялары, бүгінгі таңдағы отандық және ресейлік антропология ғылымының даму жағдайымен танысып, осы мәселе төңірегінде ғалымға сауалдар қойды.

http://www.iie.kz/?p=3541

15-17.04.14.   Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ҒК Ө. Қанай «kazaitys.kz» жобасының күн жеңімпазы атанды.

17.04.14. «Түркістан» газетінің №15 (1030) санына ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор М.Х. Асылбековтың  мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Сәдуақас Темірбекұлы туралы «Орнын бос тұр» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді.

17.04.14. Институт пен тарихшылардың Ұлттық Конгресі ұйымдастыруымен «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік Ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға алыс және жақын шетелдерден, сондай-ақ еліміздегі белгілі маман тарихшылар қатысты. Институт директоры, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х.М. Әбжанов модератор міндетін атқарды.

http://www.iie.kz/?p=3549

18.04.14. «Президент және халық» газетінің №18 (452) санына Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х.М. Әбжановтың «Ұлттық идея мәйегі» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

http://pr-hal.kz/?p=11845