Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Методологиялық семинар


22 сәуірде Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күрес мәселесі жөнінде методологиялық семинар өтті.

Қатысушылар аталмыш мәселе төңірегінде қызығушылықтың басымдығын атай келе, Кенесары Қасымұлының қызметімен байланысты ой-пікірлерін білдірді. Кенесары бастаған ұлт-азаттық күрес күрделі де өзекті мәселе болып табылатындықтан, тарихшылар өткен мен болашақты ұштастыра отырып, деректер негізінде талдау, ортақ тұжырымдама жасап шығуы міндет.  Мәселені зерттеуде руаралық қатынастар, оқиғаға ру басшыларының қарым-қатынасы, экономикалық және ру-тайпалық құрылым мәселелерін ескеру міндет.

Кенесары Қасымұлы көтерілісі толыққанды зерттеуді қажет ететін мәселердің бірі. 1942 ж. Кенесары Қасымұлына қатысты Стеблин-Каменскийдің «Исторических записках» атты еңбегі жарық көрді. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс бұл мәселенің зерттелуіне жол ашты. Стеблин-Каменскийдің зерттеу жұмысын жалғастырған Е. Бекмаханов докторлық диссертациясын қорғады. Е. Бекмахановтың еңбегінде көтеріліске қатысқан рулардың барлығы туралы мағлұматтар келтірілген, бірақ кезеңі мен уақыты көрсетілмеген.

Кенсары Қасымұлына қатысты деректер кешені өте күрделі. Негізгі дерек көздері өзбек және ресейлік мұрағаттарда сақталған. 1996 ж. Кенесары Қасымұлы тақырыбына қатысты материалдар жинағы жарыққа шықты. Аталмыш кітап дүкен сөрелеріне жетпестен, баспа үйлерінде-ақ сатылымға түсіп, өз құндылығына ие болды. 2000 ж. Кенесары Қасымұлы бойынша 5-томдықты шығару идеясы туды. Кенсары Қасымұлының 200-жылдығы кең көлемде аталып өтккен еді. Бүгінгі күнде ұлт-азаттық күрестер тарихы мәселесін жер иеленушілік, әлеуметтік және ру-тайпалық құрылым тұрғысына шыға отырып қарастырған жөн.

Дегенмен де, айта кететін бір жайт, Кенесары рубасылары және тұтас тайпалардың барлығынан дерлік қолдау тауып отырған жоқ. Кенесары Қасымовтың сүйегінің сақталуы күрделі, әлі де шешімін таппай келе жатқан мәселелрдің бірі.

Семинарға қатысушылар  Кенесары сұлтанның бас сүйегі сақталуы жөнінде ресей немесе өзбек мекемелерінде деген пікір-таласты ойларын ортаға салды. Пікір-таласқа т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов қатысты. Аталмыш тақырыпқа қатысты бірқатар зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасалды.