Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 21-27.04.14


22.04.14. Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің  ұйымдастыруымен  институтта методологиялық семинар өткізіліп, БҒК, т.ғ.д., профессор В.З. Галиев «Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық күрестің жекелеген мәселелерін терең зерттеудегі қорытындылар мен міндеттер» тақырыбында баяндама жасап, институт қызметкерлері осы тақырып төңірегінде пікір алмасты.

22.04.14. «Алматы ақшамы» газетінің №46 (4920) санына Институт пен тарихшылардың ұлттық конгресі ұйымдастырған «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындылары жайында «Мәңгілік елдің ұлттық идеясы» атты ақпараттық мақала жарық көрді.

23.04.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі  Х.М. Әбжанов ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті шақыртуымен ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының кезекті отырысына мүше ретінде қатысты.

23.04.14. Кеңестік дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Азаттық» радиосынан 1930 жылдардағы ашаршылық жайында сөз сөйледі.

 

25.04.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі  Х.М. Әбжанов Елбасы Жолдауы бойынша еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұйымдастыруымен өткен Әйтеке бидің 370 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала ділмары – Әйтеке би» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Қазіргі ұлттық идея: тарихы мен мәні» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

25.04.14. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Хабар» телеарнасында Қазақстанға жер аударылғандар жөнінде сөз сөйледі.

 

25.04.14. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Қазақстан» теларнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасында «Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбы төңірегінде сұхбат берді.

25.04.14. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Азаттық» радиосына «Аңыз адам» журналындағы Гитлер туралы мақала жөнінде сұхбат берді.

25.04.14. «Қазақстан тарихы» веб-порталында Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері А.А. Оралованың 17 сәуір күні болып өткен «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» атты конференция жұмысы мен барысы жөнінде мақаласы жарияланды.

 

25.04.14. С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті Стамотология факультетінің 55 жылдығына орай өткізілген «Абай тағлымы» атты дөңгелек үстелде Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доц. Г.Ж. Өскембаева («Абай шығармаларының тәрбиелік маңызы»), Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова «Абай шығармалары арқылы жастарды ұлттық сана мен тағлымға тәрбиелеудің маңыздылығы») қатысып, ғылыми баяндама жасады.

25.04.14. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент З.М. Төленованың «Президент және халық» газетінің №19 (453) санына «Отандық тарихшылардың алқалы жиыны» тақырыбында мақаласы жарияланды.

25.04.14. «Түркістан» газетінің №16 (1031) санына Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұмановтың «Темірбек Жүргенов қалай қаза болды» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

25.04.14.  Институт директорының орынбасары С.О. Смағұлованың 25 сәуірдегі «Қазақ әдебиеті» газетінің №17 (3389) санына «Баспасөздегі дәлел, дерек» атты мақаласы жарық көрді.