Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы


Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі 2014 ж. 20 мамырда Алматы қаласында жас тарихшы ғалымдардың V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТ. ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі 2014 ж. 20 мамырда Алматы қаласында жас тарихшы ғалымдардың

V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция тақырыбы:

«ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАРИХШЫ ЖАС

ҒАЛЫМДАР МІНДЕТІ»

Конференцияның негізгі бағыттары:

– «Қазақстан-2050» стратегиясы: ғылым және жастар;

– Отан тарихы;

– Әлем тарихы;

– Деректану және тарихнама;

– Археология және этнология.

Конференцияға қатысу үшін Ұйымдастыру комитеті адресіне жіберу керек:

  1. Ұсынылған форма бойынша өтініш;
  2. Мақала мәтіні 7 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – МАҚАЛА АТАУЫ).

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ  –  2014 жылды 11 мамырына дейін_  мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Конференцияның Ұйымдастыру комитеті, Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – Рахымқұлов Дәуітхан Айтжанұлына, төраға орынбасары – Көбеев Рүстем Жаулыбайұлына, кеңес мүшесі – Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлына.

 

Байланыс телефоны және факс:

Байланыс телефоны: 8 (727) 272 44 79

Факс: 8(727) 261-67-19

 

Ресми өтініш пен тезистер (тек қана бекітілген файлда) төмендегі электрондық адрестерге жіберіледі.

aj013@mailru

aknur.oralova@mail.ru

 

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 7 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, және ұйымның аты жақша ішінде – қала, мемлекет. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

Конференцияның материалдарын жарыққа шығаруға жауапты редакциялық алқа жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін мақалаларды қабылдамайтынын алдын ала ескертеді.

                                 

                                  ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ                          

1 Тегі, аты-жөні (толық)
2 Жұмыс немесе оқу орны (егер студент, магистрант немесе докторант болса, онда міндетті түрде оқу орнының атауы, факультеті және курсы көрсетілуі керек)
3 Ғылыми атағы мен дәрежесі
4 Байланыс телефоны және мекен-жайы
5 E-mail
6 Баяндама тақырыбы