Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 28.04.-04.05.14


28.04.14. «Abai.kz» ақпараттық порталына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері А.А. Оралованың «Мәңгілік ел» көрінісі» тақырыбында мақаласы жарияланды.

29.04.14. Институтта ғұлама ғалым, қазақ халқының ардақты перзенті Қ.И. Сәтбаевтың 115 жыл толуына орай «Ұлт пен дәуірдің ұлы тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталмыш іс-шараға ғалымдар, ҚР Президенті мұрағаты өкілдері мен институт қызметкерлері қатысып, ғылыми баяндамаларын жасады.

30.04.14. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы бірлесе отырып, «Қазақстан тарихына байланысты сирек электронды басылымдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге институттан С.О. Смағұлова, В. Галиев, Д. Рақымқұлов, Ө. Қанай ғалымдар  қатысып, ғылыми баяндамалар мен хабарлар жасады.

30.04.14. Институтта Моңғолияның қоғам қайраткері Құрманхан Мұқамәдиұлының 90-жылдығына орай «Қазақтың талантты ұлы, жазушы-драматург Құрманхан Мұқамәдиұлы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өкілдері, институт ғалымдары, ақын-жазушылар және мерейтой иесінің туыстары қатысты.

02.05.14. Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Ж. Жайлыбаев «Қазақстан» телеарнасында «Айтуға оңай» бағдарламасында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай этностар тарихы мен мәдениеті жайында ой қозғады.