Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 12.05. – 18.05.14


13.05.14. Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова Орталық Азия университетінде өткен «Қазақ елінің ортақ идеясы – «Мәңгілік ел» атты Халықаралық ғылыми теориялық конференциясында «Мәңгілік халықпен бірге» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен бірге, конференция жұмысына институт қызметкерлерінен т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаева, З.Б. Байжұманова, Қ.М. Мұрзаходжаевтар  қатысты.

14.05.14. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева «Қазақстан» теларнасында «Айтуға оңай» бағдарламасына қатысып, қазақтың тұңғыш дәрігер қызы Аққағаз Досжанова туралы сөз сөйледі.

15.05.14. Институт директоры, т.ғ.д., ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х.М. Әбжанов «Астана» радиосына Қазақстандағы қуғын-сүргін мәселесі жайында сұхбат берді.   

15.05.14. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова «Астана» радиосында ХХ ғасырдағы Қазақстандағы аштық мәселесі жайында сөз сөйледі.

15.05.14. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева «Астана» радиосында Азамат соғысы және шетелдік интервенция тақырыбы төңірегінде сөз сөйледі.

16.05.14. «Ғылым Ордасы» концерттік залында Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Мұражайлар жиынтығы біріктіреді» тақырыбында салтанатты жиналыс болып өтті. Жиында мұражай мамандары баяндама жасады. Аталмыш іс-шараға институт қызметкерлері де қатысты.  

16.05.14. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов қазақ халқының қоғам қайраткері М. Тынышбаев туралы телефильмде сөз сөйледі.