Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 19 – 25.05.2014


17.05.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі Х.М. Әбжанов Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен қоғам қайраткері және мемлекет қайраткері О.Қ. Жандосовтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Ораз Жандосов – жаңашыл ағартушы, әлеуметтік реформатор және ғылымды дамытушы» атты ғылыми конференцияда «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және Ораз Жандосов» тақырыбында баяндама оқыды.

20.05.14. Институтта Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастыруымен «Қазақстан – 2050» Стратегиясы тарихшы жас ғалымдардың міндеті» атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференция Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және Елбасының 2014 ж. Жолдауы аясында өткізілді. «Қазақстан 2050» ұзақ мерзімді бағдарламасы, сонымен бірге «Бір бағыт, бір мүдде, бір болашақ» жоспары алдағы жылдардағы ел дамуы жолдарын  айқындап бере отырып, жастарға негізгі міндеттерді жүктегені белгілі. Конференция жұмысына отандық, алыс және жақын шетелдерден жас мөлшері 35-ке дейінгі тарихшы-ғалымдар қатысты.

20.05.14. Жас ғалымдар Кеңесі төрағасы, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов пен Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің ғылыми қызметкері Қ.М. Мұрзақожаев «Алматы» телеарнасына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы тарихшы жас ғалымдардың міндеті» атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмыс барысы мен мақсаты жөнінде сұхбат берді.

22.05.14. Институт пен Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясы, Алтай мемлекеттік университеті азиаттық университеттер Ассоциациясы (РФ), «Тарих және компьютер» Ассоциациясы, ТМД елдері Экономика және құқық Халықаралық институты бірлесе отырып, «Орталық Азия және ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының теориялық-қолданбалы қырлары» тақырыбында Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясының 20-жылдық мерейтойына орай Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияның ашылу салтанатында т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі Х.М. Әбжанов кіріспе сөзін жасады. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Абжанов және т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик «Казахстан в системе международных отношений ХVIII в.»; Жакишева С.А. «Методологические основы исторических исследований в междисципланарном контексте»; Атыгаев Н.А. «К дискусии о времени образования Казахского ханства»; Сужиков Б. «Государствообразующий концепт гражданского общества в Казахстане»; Торланбаева К.У. «Манихейство в истории Центральной Азии»; Орынбаева Г.У. Изучение истории казахов маоистского периода (1949-1976); Несипбаева Ж.Ж. «Жанр «фольк-хистори» и историческая наука Казахстана в современный период (обзор интернет-источников); Нурумбетова К.К. «Некоторые проблемы репатриации в начале 1990-х годов»; Абдулина А.Т. «Терроризм в Казахстане: причины, факты и меры предотвращения».

Аңыз адам журналының №10 санына т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі Х.М. Әбжанов мемлекет қайраткері Ж. Тәшенов туралы «Арнайы қызмет адамдары оны дүниеден өткенше бақылаудан тыс қалдырмады» тақырыбында мақаласы жарық көрді.