Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Алматы қалалық мәдениет Басқармасы ұйымдастыруымен Ықылас атындағы қазақ ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында «АЛМАТЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАСЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев модератор міндетін атқарды. Аталмыш шараға тарихшы-этнографтар, Алматы қ. мәдениет Басқармасы өкілдері мен мәдениет қайраткерлері қатысып, баяндамалар жасалды.

Бас баяндамашы Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали Орталық Азиядағы қазақ диаспорасына этномәдени зерттеу жүргізудегі жалпы қорытындыларына тоқталды. Т.ғ.д., профессор А.У. Тоқтабай «Қымызмұрындық мерекесінің мәні мен мазмұны, шығу тегі мәселесіне тоқтала келе, қазіргі уақытта аталып өтуі жөнінде баяндады. Институттың аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. З.М. Төленова құсбегілік өнердің дамуы мен бүгінгі таңда құсбегілер мен олардың кәсібі жайында, сонымен қатар құсбегілікті мәдениеттің бір түрі ретінде қарастырды. Т.ғ.к. А.Т. Абдулина Жетісу қазақтарының рухани мәдениетін сақтаушы Егеубек Балғабаев туралы ой-пікрін ғылыми көпшілік назарына салды. Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкерлері Д.Ж. Жайлыбаев қазіргі кездегі шежіре жазу дәстүрі мәселесіне тоқталса, Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері А.Ә. Жүнісбаев атбегілік өнердің тарихи тамырларын саралап, атбегіліктің атадан балаға мирас болып қалып отырған дәстүр екендігін айшықтады.
Баяндама бағдарламасы соңына қарай өзара пікір алмасулар орын алды.