Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


Ықылас атындағы қазақ ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында І Алматылық Халықаралық мәдени форум аясында «Алматының мәдени жасы – 1000-жылдық тарих» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға отандық ғалымдар, ортағасырлық қалалардың пайда болуы мәселесі бойынша халықаралық мамандар, ЮНЕСКО өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында институт директорының орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.Ә. Атығаев «Жетісу және Алматы өңірлері Қазақ хандығы құрылу кезеңінде» тақырыбында баяндама жасады.