Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 28.05.-02.06.14


27.05.14. «Ғылым Ордасы РМК мен экономика институтының ұйымдастыруымен «Еуразиялық экономикалық одақ»: Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың табысты ықпалдасуы кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Институттың БҒК, т.ғ.д., профессор А.Ж. Абылхожин «Еуразиялық ықпалдастықтың тарихи тамырлары» тақырыбында баяндама жасады. Аталмыш іс-шараға ғылыми хатшы А.П. Ермұхамедова, ғылыми қызметкерлер М.Р. Сатенова, З.Б. Байжұманова, А.А. Оралова қатысты.

28.05.14. Институт және Алматы қалалық мәдениет Басқармасы ұйымдастыруымен Ықылас атындағы Қазақ ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында «Алматының материалдық емес мәдени мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев модератор міндетін атқарды. Аталмыш шараға тарихшы-этнографтар, Алматы қ. мәдениет Басқармасы өкілдері мен мәдениет қайраткерлері қатысып, баяндамалар жасалды.

29.05.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі Х.М. Әбжанов Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи құжатқа қол қою салтанатына қатысты.

29.05.14. Институтта «ХХ ғасырдың басындағы ұлы әлеуметтік-саяси өзгерістер және олардың Қазақстандағы салдары (Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100-жылдығына орай: 1914-2014 жж.)» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

29.05.14. Институт қызметкерлеріне Elsivier компаниясының өкілі Г. Алибекова «SciensDirect, Scopus» компаниясының әлемдік үздік ақпарат көздерін енгізу және тәжірибелік қолдану» тақырыбында тренинг өткізді.

29.05.14.Институт кәсіподағы ұйымының төрайымы З.М. Төленова және оның орынбасары С.Ғ. Мұстапаева «Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақтары» ұйымының VI есеп беру-сайлау конференциясының жұмысына қатысты.

30.05.14. Институтта Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Еуразиялық экономикалық Одақ және Қазақстан дамуының басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі Х.М. Әбжановтың кіріспе сөзімен басталды.

30.05.14. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Ұмытылмас үшін білу: ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдардың басындағы тоталитарлық билік және халық» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «ХХ ғ. 20-30 жж. дін мәселесіне қатысты кеңестік саясат» тақырыбында ғылыми баяндамасын жасады.

30.05.14. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде институт филиалының ашылу салтанатына қатысып, филиалдың алдағы жұмыстарымен таныстырып өтті.

31.05.14. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Хабар» телеарнасы жаңалықтарынан Қазақстандағы ХХ ғасырдың басындағы саяси нәубет жайында сұхбат берді.

Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор А.У. Тоқтабайдың Ұлттық этнографиялық журналдың №3(34) санына «Ежелгі қазақ әдет-ғұрыптары» тақырыбында мақаласы жарық көрді.