Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тарих және этнология институтының филиалын ашу мәселесіне орай жиын өтті


30 мамырда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының филиалын ашу мәселесіне орай жиын өтті. Филиалды ашуға институт тарапынан директордың орынбасары, тарих ғылымдарының докторы С.О. Смағұлова қатысты. Сонымен қатар бұл жинынға С. Аманжолов атындағы университеті ғалымдары, оқытушылары және студенттерімен қатар Қазақстанның әр облыстарынан келген мұрғат басшылары мен қызметкерлері, Ресейдің Нововсібір университетінен келген ғалымдар қатысты.

Сөз алған тарих ғылымдарының докторы С.О. Смағұлова филиалды ашудың негізгі мақсаты мен міндетіне тоқтала келе, университет пен институт арасында істелінетін іс-шаралар жайына тоқталды. «Институт пен университеті арасында тығыз ғылыми байланыс орнады. Енді бірлесе отырып тарих, этнология және мәдениет салалары бойынша ұлттық және аймақтық тарих мәселелері төңірегінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу, тарихшы мамандарды даярлауда, университет студенттерін ғылым жолында баулу, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін біліми-тәрбиелік үдеріс барысында қолдануды қолға алу болып табылады. Алдағы уақытта жүргізілетін түрлі іс-шаралар, ғылыми конференция, семинар, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру  жоспарланып, қазірде бірталай жұмыстарды жүзеге асырып тастадық. Мәселен, көптомдық «Қазақстан тарихын» жазуға университет ғалымдары қатысуда. Сонымен бірге бірлесе ғылымси еңбектер жазу да ойымызда бар», – деді.  Университетте ашылған филиал мен кітапханаға Ш. Уәлиханов атындағы институттың соңғы жылдары шығарған еңбектерін тарту етті.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Ердембеков те бұл ашылған филиалдың қызметіне университеттің тарихшы ғалымдары белсене қатысып, алда  өлкетануға қатысты ғылыми зерттеулер қолға алынатындығын атап өтті.

Жиын барысында ғалымдар университеттің ғылыми кітапханасы ұйымдастырған сирек кітаптар көрмесі тамашаланды.