Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 02-08.06.14.


03.06.14. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер: 1) Эспедиция есептерінің нәтижелері туралы (қараша-желтоқсан 2013 – қаңтар 2014); 2) Белгілі ғалым, академик М.Х. Асылбектің 85 жас мерейтойына өткізілетін конференцияға дайындық барысы туралы; 3) Еңбек тәртібі жөнінде; 4) Ібірахым (Жақан) Ісләмұлы «Алтай шежіресі» (Алтай рулар бірлестігінің шежіресі) кітабын талқылау.

03.06.14. Институтта «Діни толеранттылық және Қазақстандағы халықтар достығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы барысында институт ғалымдары еліміздегі діни экстремистік, террористік әрекеттердің алдын алу шаралары мен жастардың көзқарасы мәселелері төңірегінде баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты.

04.06.14. «Егемен Қазақстан» газетінің (№ 108(28332) санына т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі М.-Х. Асылбектің 85-жылдық мерейтойына орай Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, академик А. Құсайыновтың «Абырой» атты мақаласы жарияланды.

05-11.06.14. «Ана тілі» газетінің (№22) т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі М.-А.Х. Асылбектің 85-жылдық мерейтойына орай п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі Б. Смановтың «Тарих ғылымының тарланбозы» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

05.06.14. Этнология және антропология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Г.Ү. Орынбаева «Радиоточка» медиапорталының «Кульпросвет» бағдарламасында «Қазақ әйелі: әдебиеттегі орны мен бүгінгі таңдағы мәртебесі» тақырыбында сұхбат берді.

05.06.14. «Айқын» газетінің (№995 (24889) санына академик М.-Х. Асылбектің мерейтойына арналған Қ.А. Йассауи атындағы ХҚТУ профессоры Х. Тұрсұнның «Тарих ғылымының тарланбозы» атты мақаласы жарыққа шықты.

06.06.14. ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институтының конференц-залында белгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбектің 85 жасқа толуына арналған «Қазақстан тарих ғылымының өзекті мәселелері мен даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

 

«Өнегелі өмір» атты кітапта (Алматы. – 2014. – 67-69 бб.) Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. К.Қ. Нұрымбетованың «Халық жадында сақталған тарих» тақырыбында мақаласы жарыққа көрді.

Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. К.Қ. Нұрымбетова  Мұсаханова М.З. «Өнегелі өмір» (Алматы. – 2014. – 215 б). (Мұсаханов Зұлпыхар – Еңбек ардагері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Құрметті азаматының» 100 жылдығына арналған) атты кітабына  пікір жазды.