Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 09-15.06.14.


12.06.14. «Алматы ақшамы» газетінің №74-75 санына Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері А.Т. Саурыкованың С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де институт филиалының ашылуына орай «Филиал екіжақты байланысты нығайтады» атты мақаласы жарық көрді.

12.06.14. Институт «Әйтеке би» мәдени-тарихи орталығымен бірлесе қазақ халқының әйгілі тұлғасы Әйтеке бидің 370-жылдығына орай «Әйтеке би: қазақ мемлекеттілігі тарихындағы ұлы тұлға» тақырыбында Республикалық ғылыми конференциясын өткізді. Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен институт қызметкерлері қатысты.

13.06.14. http://e-history.kz порталының «Сараптамалық пікір» бөлімінде Институттың ғалым хатшысы, Ph.D. доктор А.П. Ермұхамедованың «Учит ли история толерантности?» атты мақаласы жарияланды.
http://e-history.kz/ru/expert/view/92