Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Республикалық ғылыми практикалық конференциясы өткізіліп Қожбанбет Сүйерқұлұлына арналғaн ескерткіш ашылды


Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы облысы әкімдігі, Алматы облысы, Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Шалкөде ауылында «Қазақ Елі» және Ел басқаудағы билер дәстүрлік жаңғырту (Қожбанбет би тағылымы)» тақырыбында Республикалық ғылыми практикалық конференция өткізіліп, Қожбанбет Сүйерқұлұлына арналып ескерткіш ашылды.

Конференция жұмысына институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, директордың орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева, ғылыми қызметкер Р.Е. Оразов қатысып, конференция барысы т.ғ.д. С.О. Смағұлованың алғы сөзімен ашылды. «ХVII ғ. өмір сүрген Қожбанбет би елдің бірлігін, тірлігін,ойлаған жан. Жоңғар шапқыншылығы тұсында ел қорғауға шыққан, жасынан ел билігіне араласып, дау-дамайды әділ шешуге қатысқан.

Оның бойында бауырмалдық та, қорғаушылық та, туысшылдық та қасиеттері басым болып, ағайын-ел арасын, ру арасындағы татулықтң шайқалмауына бар күшін салған тарихи тұлға десек артық айтпаймыз.

Қожбанбет шешендігімен де ерекшеленген. Одан қалған ел арасына кең тараған нақыл, дана сөздердің өзі тәрбиелік мәнінің қандайлық екенін өздеріңіз жақсы білесіздер.Сондықтан қазақтың бірі де бірегейі болған тұлғаның ақыл-парасаты,  имандылығы, адамилығы өскелең ұрпаққа мұра болу керек, оны оларға танытатын сіздер мен біздердің парызымыз екендігін ұмытпайық», – дей келе, батыр бабаға ашылғалы отырған ескерткіштің қазақ тарихындағы алар орнының ерекшелігін атап өтті.

Конференция барысында бас баяндама жасаған т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжанов «Мәңгіліе Ел» ұлттық идеясының тарихы мен тағылымына тоқтала келе: «Қазақ елі» жалғастықтың иесі мен киесін, ұлттық идеяның мәйегін айшықтайды», -деді.

Т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева Қожбанбет бидің қазақ тарихындағы орнына тоқтала келе, оның өсиеттері келешекте жалғастығын табатындығына сенім білдірді.

Қожбанбет болыстығының құрылуы мен қызметіне тоқталған ғылыми қызметкер Р.Е. Оразов болыстықтағы қазақтардың жалпы санына, би-болыстардың ел басқарудағы қырларын мұрағат деректерімен саралап өтті.

Конференция жұмысына т.ғ.д., профессор Б. Берлібаев, т.ғ.д., профессор Т.Төлебаев, филология ғ.д., профессор Әнуар Тарақ, филолог.ғ. к. Т. Әлібек және тағы басқа  белгілі ғалымдар қатысып, ғылыми баяндамалар жасады.

21 маусымда ғалымдар Қожбанбет Сүйерқұлұлына арналған ескерткішті ашу рәсіміне қатысты.