Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 16-22.06.14


19.06.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х.М. Әбжанов Ер Жәнібектің 300 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел мұраты және Ер Жәнібек» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, Ел тірегі – Ер Жәнібек» тақырыбында баяндама жасады.

19.06.14. «Түркістан» газетінің №24(1039) санына Институт пен «Әйтеке би» мәдени тарихи орталығымен бірлесе өткізген әйгілі тұлға Әйтеке бидің 370-жылдығына орай «Әйтеке би: қазақ мемлекеттілігі тарихындағы ұлы тұлға»атты республикалық ғылыми конференция жайында «Әйтекедей би болған» тақырыбында мақала жарық көрді.

20.06.14. Институт пен Алматы облысы әкімдігі бірлесе отырып, Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Шалкөде ауылында «Қазақ Елі» және Ел басқаудағы билер дәстүрлік жаңғырту (Қожбанбет би тағылымы)» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, Қожбанбет Сүйерқұлұлына арналып ескерткіш ашылды. Конференция жұмысына институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, директордың орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева, ғылыми қызметкер Р.Е. Оразов қатысып, конференция жұмысы институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлованың алғы сөзімен ашылды.

19.06.14.«Ана тілі» газетінің №24(1230) санына белгілі тұлға Әйтеке бидің 370-жылдығына орай өткізілген конференция жөнінде «Қара қылды қақ жарған жақсылардың белгісі» тақырыбында мақала жарық көрді.

21.06.14.«Айқын» газетінің №107(2501) санына институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х.М. Әбжановтың «Президенттің бастамасымен қолға алынған бағдарлама» атты мақаласы жарық көрді.

«Ақиқат» журналының 6 санына институттың аға лаборанты Л. Үкібаева «Қазақ ғылымы» және «Мәңгілік ел» тақырыбында институтта Ғылым күніне орай өткізілген дөңгелек үстелде сөйлеген институт қызметкерлері  Х. Әбжанов, З. Ноғаева, А. Құдайбергенова, Қ. Алдажұманов, Г. Ксенжик, Қ. Өскенбай  және Қ. Әлімғазиновтың материалдарын топтастырып, жариялады.