Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 23.-29.06.14


24.06.14. Институтта кезекті Ғылыми кеңес өтті. Күн тәртібіндегі негізгі қарастырылған мәселелер: 1) ҒЗЖ гранттық және бағдарламалық-мақсаттық тақырыптары бойынша жұмыс барысы; 2) Докторантура және магистратура мәселесі; 3) ТЭИ қызметкерлерінің кезекті еңбек демалысы тізімін бекіту.

24.06.14. Институтта Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен «Ортағасырлық түркі мемлекеттілігі: түркі қағанаттықтары аясындағы Қазақстан аумағы» атты дөңгелек үстел өтіп, оның жұмысы институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлованың кіріспе сөзімен ашылды. Институт қызметкерлері т.ғ.д. К.Ө. Торланбаева, PhD А.П. Ермұхамедова, т.ғ.к., доцент Қ.З. Өскенбай, т.ғ.к. Ә. Дәулетхан және ғылыми қызметкер Ө. Қанай аталмыш тақырып аясында ғылыми баяндамалары мен хабарламаларын жасады.

25.06.14. Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында омбылық суретші, Ресей мәдениет қайраткері, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті академиялық көркем сурет және сурет кафедрасының профессоры Амангелді Абдрахманұлы Шакенов «Отан Ана» атты жеке көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒК, т.ғ.к. А.С. Уалтаева қатысты.

26.06.14. «Ғылым ордасы» мәжіліс залында Институт пен «Ұлытау – ұлт ұясы» қоғамдық қоры бірлесе «Тарих және ЭКСПО-2017» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ғылыми-зерттеу институттары ғалымдары, кітапхана қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл игі іс-шара әлемдік көрмелер тарихына шолу, ЭКСПО-2017 көрмесінің елімізде өткізілуі, мақсаты, жетістіктері мен күтілетін нәтижелерді болжау, еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрін әлемге насихаттауды жүзеге асыру мақсатын көздейді.