Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Кеңес мемлекетінің ұлы жобасы: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбына халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді


14-қазанда Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай (1954 ж.) «Кеңес мемлекетінің ұлы жобасы: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбына  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

 

 

АҚПАРАТ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2014 ж.  14-қазанда Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай (1954 ж.) «Кеңес мемлекетінің ұлы жобасы: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбына  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

 

Конференция жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

1. КСРО-ның соғыстан кейінгі дамуындағы азық-түлік жағдайы.

2. Тың жерлерді игерудің мақсаты мен міндеттері.

3.Тың игеру тарихы.

4. Хрущевтік онжылдық жағдайындағы Қазақстан (1954-1964 жж.).

5.Тың жерлерді игеру барысындағы еңбек ресурстары мен әлеуметтік мәселелердің шешілуі.

6. Жобаның экономикалық тиімділігі.

7. Демографиялық және экологиялық салдарлары.

8. Тың эпопеясының әдебиет пен өнерде бейнеленуі.

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2014 жылдың 1 қазанына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ.,  Шевченко к., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

 

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 8 (727) 261 16  35

Факс: 8(727) 261-67-19

Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электонды адреске жіберуіңізге болады:

E-mail: kazhistory@bk.ru  g_uskembaeva@mail.ru; saltasanova@gmail.com  

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 7 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

 

Тың жерлерді игеру тарихы

Асанова С.А.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

(Алматы, Қазақстан)

            Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].

­­­­­­­­­­­­­­­­­­

­­­­­­­­­­________________

 

1 Мемуары Никиты Сергеевича Хрущёва. // Вопросы истории, 1994, № 12; 22-26 бб.

2.Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане. М.,1959.

 

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай (1954ж.) «Кеңес мемлекетінің тың жерлерді игеру жоспары: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________

Қонақ үй қажеттілігі:___________________________________________________________