Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 25-31.08.14


27.08.14. Институт пен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бірлесе отырып, білім күніне орай институт ғалымдары мен қалалық орта мектептердің тарих пәні мұғалімдері қатысуымен «Алаштану негізінде оқушылардың елжандылығын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

28.08.14. Қазақ елінің Ата заңы күніне орай Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ғылым ордасы РМК, Философия, саясаттану және дінтану институты бірлесе отырып ұйымдастырған «Конституция – Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының негізі» атты дөңгелек болып өтті. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов модератор міндетін атқарды. Дөңгелек үстел жұмысы барысында институт қызметкерлері т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева, т.ғ.к. С.А. Асановалар қатысып, ғылыми баяндамаларын жасады.

28.08.14. «Қазақстан» ұлттық телеарнасына институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі  Х.М. Әбжанов пен т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов еліміздің Ата заңы күніне орай сұхбат берді.

29.08.14. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер: 1) 2012-2014 жж. гранттық және мақсаттық-бағдарламалық қаржыландырылған жобалардың аяқталуы туралы; 2) 2015-2017 жж. гранттық жобаларды конкурсқа даярлау барысы; 3) 2014 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруге арналған конкурстың жариялануы туралы. «Еңбек ардагері» атағына кандидатура ұсыну.

30.08.14. «Алматы ақшамы» газетінің №109-110 (4984) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. К.Қ. Нұрымбетованың мемлекетіміздің Ата заңына орай «Алға сүйреп келеді» атты мақаласы жарық көрді.