Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Магистратура мен докторантураның (PhD) салтанатты ашылу рәсімі өтті


2014 жылы 8 қыркүйекте Ғылым ордасы ғимаратында Ғылым комитетіне қарасты ғылыми институттардың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, «Ғылым ордасы» базасында ғылыми кадрларды даярлау бағдарламасы шеңберіндегі магистратура мен докторантураның (PhD) салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл айтулы оқиға үстіміздегі жылдың 23 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен 10 ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылым мен білімнің ықпалдастығын арттыру мақсатында қол қойылған Бас шектелмелі келісім нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Жиналысты ашқан ҚР Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов өзінің құттықтау сөзінде бұл жобаның мақсаты – жоғары оқу орыны мен ғылыми-зерттеу институттарының зор потециалдарын пайдалана отырып еліміздің жас ғалымдарын дайындау екенін және бұл эксперименталды жоба елеулі нәтижелер берер болса әрі қарай да жалғасын табатының атап өтті.

Салтанатты жиынға жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылығы мен ғалымдары, қоғам қайраткерлері, магистранттар мен докторанттар қатысты. Сонымен бірге жиналыста әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғ.М. Мұтанов, Ұлттық ғылым академиясының Президенті М.Ж. Жұрынов, Математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры Т.Ш. Кәлменов, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Х.М. Әбжанов, профессор С.С. Оразәлі және Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры З.К. Шәукенова баяндама жасап, магистранттар мен докторанттарға ғылым жолында үлкен жетістіктер тіледі.

«Тарих» мамандығы бойынша докторантура мен магистратураға түскен А. Жүнісбаев, Т. Апендиев, Е. Ғалимов, Ы. Омарбаев, Г. Әбікова, Ф. Әшімбаева, Ө. Дүйсен, Р. Көбеев, Г. Құрманбаева, Г. Мұқатова, С. Нұғыманов, Г. Омарова, К. Сапақова, Ш. Тайлақов және Л. Үкібаеваны  құттықтай отырып, келешекте тарих ғылымының дамуына өзіңдік сүбелі үлестерін қосуларына тілектеспіз.