Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Оралова А. Білім берудегі оң өзгерістер


http://almaty-akshamy.kz/?p=26267

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған білім мен ғылымдағы бастамалар негізінде отандық білім және ғылым саласының заңнамалық жүйесіне өзгертулер көрініс табуда. Бұл ретте Елбасы өз сөзінде «білім мен ғылымының қатар дамуы» қажеттілігін айтып өткен болатын. Оның бір көрінісі ретінде тарих ғылымының қара шаңырағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында орын алған жаңашыл қадамдарды атауға болады. Биылғы жылы институт пен еліміздің көшбасшы білім ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық орнатылуы қуантарлық іргелі іс деп санаймыз. Екіжақты байланыс негізінде «тарих» мамандығы бойынша докторантура (PһD) мен магистратураға – тарих және мәдени мұра; тарихи география және ГИС технологиялар; тарихи информатика; тарихи демография; Қазақстан және іргелес аумақтар тарихын жазба және интеллектуалды түрде өлшеу; қазақ диаспорологиясы; қазақ ескерткіштануы мамандықтары бойынша болашақ тарихшы маман­дарды оқуға қабылдады. Магистранттар мен докторанттар білім алумен қатар, ғылыми жұмыспен айналысуы керек. Ол үшін институт басшылығы тара­пынан барлық жағдайлар жасалу­да. Келешек зиялы ұрпақтың универ­ситет қабырғасында білім алып, институтта ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын жүргізу мүмкіндігіне ие болуы білім мен ғылымның өзара сабақтаса ілгері дамуына ықпал етері сөзсіз. Бұл өзгерістің жүзеге асуы ғылым жолын­дағы шынайы ізденіс жасаудың бірден бір жолы деп ойлаймын. Мұндай талпыныстың өзі жас ғалымдардың ғылым мен білімге деген оң көзқа­растарын көрсетеді.

Елбасының биылғы Жолдауында ғылым мен білімнің дамуына айтар­лықтай қолдау көрсетілген. Алдағы уақыттарда ұстаздар мен ғалымдардың біліктілік санатына қарай еңбекақы мөлшерінің көтерілуі баршамызға екпінді серпін берді. Жүйелі де терең білім мен ғылымдағы нәтижелі қоры­тын­дыларға қол жеткізу үшін қажыр­лы еңбектену мен адал тер төгу – міндетіміз.

Ақнұр ОРАЛОВА, 

Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология 

институтының ғылыми қызметкері.