Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжатнама басқармасы, БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих жәгн этнология институты, облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік мемлекеттік университетінің Тарих факультетінің ұйымдастыруымен 27 қыркүйекте «Қазақстанның тарихи тұлғалары: жерленген жерлерін анықтау әдістемесі мен тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, оның жұмысына институттың директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті Х.М. Әбжанов, институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, институттың Этнология және антрополргия бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали қатысып, дөңгелек үстел жұмысын Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Р.А. Бекназаров жүргізді.

Дөңгелек жұмыс барысында бас баяндама жасаған Х.М. Әбжанов тұлғатану мәселесіне, оны зерттеудің методологиясына тоқталса, С.Е. Әжіғали тұлғалардың жерленген жері, Батыс Қазақстан, Ақтөбе өніріндегі тарихи ескерткіштердің сақталуы мен оны зерттеудің ерекшеліктеріне қатысты ой-тұжырымдарымен бөлісті. С.О. Смағұлова патша үкіметі мен кеңестік билік тұсындағы тарихи тұлғалардың қазіргі заманда зерттелу барысына тоқтала келе, Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай  шығарылатын  энциклопедияға енгізу үшін оған мүше болған, ниеттес болған, қолдаған тұлғалар жөнінде бірлесе мәліметтер жинауға шақырды.

Табын Бөкенбай, Исатай Тайманов және т.б. тарихи тұлғалардың жерлену орындарын анықтауға байланысты З.Б. Байдосов, Е.Қ. Құрманбеков, И. Көбенов және т.б. ғалымдар, өлкетанушылар сөз сөйледі.

Астана қаласында белгілі қоғам қайраткері Т. Жүргеновке байланысты өткізілген «Орта Азия мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін дамытудағы  Т.Жүргеновтің рөлі және рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының барысы мен «Темірген Жүргенов – мұрағат құжаттарында» құжаттар жинағы жайында Облыстық тарихи және мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік  инспекцияның директоры Бекарыстан Мырзабай тоқталып өтті.