Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 22 – 28.09.14


23.09.14. Институтта «ХХ ғасырдың модернизациясы жағдайындағы қазақ мәдениеті» тақырыбында методологиялық семинар болып өтті. Негізгі баяндаманы жасаған Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. С.Ә. Асанова ХХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени көрінісін сипаттап, тарихи талдау жасады.

23.09.14. Институтта «Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайының тарихи маңызы» атты тақырыпта методологиялық семинар өтті. Семинарды БҒҚ, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. проф., М.Х. Асылбеков кіріспе сөзбен ашып, жалпы Қазақстанның қазіргі тарих ғылымында демография елеулі және еліміздгі репатриантар мен халықтар депортациясы жайында аз қарастырылған өзекті мәселе екендігіне тоқталса, баяндама жасаған Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к., А.С. Уалтаева ХХ ғасырдағы Қазақстан қоғамының және қазақ халқының этникалық санасының модернизациясын объективті түрде нақтылап өтті.

26.09.14. ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер залында ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Қошановтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғалымның библиографиялық көрсеткіші мен 10 томдық жинағының тұсаукесер рәсіміне институттың ғылыми қызметкерлері т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов, т.ғ.к. Қ. Қожаханова, К.А. Саркенова, А.А. Оралова қатысты.

26.09.14. Астана қ. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Орта Азия мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін дамытудағы Т. Жүргеновтің рөлі және рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп, оның жұмысына институт директоры т.ғ.д. профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов, директордың орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев, ғылыми қызметкерлер т.ғ.к. С.К. Рүстемов, Қ. Мұрзаходжаевтар қатысты.

26.09.14. «Еңбек күніне» орай институттың Кәсіподақ ұйымы және Жас ғалымдары Кеңесі бірлесіп институт ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – институт ардагерлеріне құрмет көрсету мен жас ғалымдарды ғылыми ортаға бейімделуге тәрбиелеу, Елбасының «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құру» жөніндегі идеясын насихаттау болды.

26.09.14. Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Тарих факультеті ұйымдастыруымен «Қазақстанның тарихи тұлғалары: жерленген жерлерін анықтау әдістемесі мен тәжірибесі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел жұмысына институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, институт директорының орынбасары С.О. Смағұлова, ғалым хатшы Phd доктор А.П. Ермұхамедова, Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали қатысып, Қазақстан мәдениетін жаңғырту, қазақ ескерткіштануы мәселесі, қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін анықтау және тұлғатану мәселелері бойынша баяндамалар жасап, пікір алмасты.