Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 29.09. – 05.10.14


30.09.14. «Казахстанская правда» газетінің №190(27811) санына Этнология және антропология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Г.Ү. Орынбаеваның «Нам нужна твердая почва под ногами» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

02.10.14. Институтта кезекті Ғылыми кеңес өтті. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер: 1) «Отан тарихы» көптомдығын даярлау; 2) ГҚ мен МҚЖ бойынша жылдық есебі туралы; 3) Институт қызметкерлерін 2014 ж. аттестациялау жөнінде; 4) Түрлі (іс-сапарлар). 

03.10.14. «Ғылым Ордасы» ғимараты Үлкен залында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясы ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА Жалпы сессиясы отырысы өтті. Сессия жұмысына институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов, директордың орынбасарлары мен институттың ғылым докторлары мен кандидаттары қатысты.

03-04.10.14. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев Ырғыз селосында өткізілген Ырғыздағы білім беру ісінің 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференциясына қатысып, «Қазақстан аумағындағы ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы бастауыш білім берудің тарихынан» тақырыбында баяндама жасады.

«Мысль» журналының №9 санына Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик «Программа практических дел исторической науки» (С.13-16) тақырыбында мақаласы жарық көрді.