Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ырғыздағы білім беру ісінің 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференциясы


2014 жылдың 3-4 қазан аралығында Ырғыз селосында Ырғыз ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Ырғыздағы білім беру ісінің 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Бұл айтулы іс-шараға институт атынан Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев қатысып, «Қазақстан аумағындағы ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы бастауыш білім берудің тарихынан» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Автор өз баяндамасында отарлық кезеңдегі Қазақстандағы оқу-ағарту саласындағы мектеп жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері, оның орыстандыру және христиан дініне қарай бағыттаушылық әрекеттері, сонымен қатар әлеуметтік жіктелісті сақтауға тырысқандығы туралы қызықты мәліметтер берді. Мектеп жүйесінің халыққа қарсы бағытталғандығының бір көрінісі, оның патша үкіметінің қолындағы рухани қанаудың және қазақ халқын орыстандырудың құралына айналғандығы жөнінде, Ресейдегі ұлттық мектептер жүйесінің тарихы жайында мағлұматтарды мұрағат құжаттарына сүйене отырып баяндады.